Өзара әрекеттестік қай деңгейде?

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/5/anketirovaniey-vypyskniki.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/5/anketirovaniey-vypyskniki.jpg'

anketirovaniey-vypyskniki.jpgТаяуда өткен аудан әкімінің қорытынды есептік кездесуінде сөз алған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қадр мәселесіне ден қойды. Оның айтуынша, ауданымызда грантпен оқитын мамандар саны өте аз. Осы тұрғыда шенеуніктеріміз аталмыш мәселенің шешімін табу мақсатымен қандай жұмыстар атқаруда?

Бүгінде ауданымыз бойынша медициналық қызмет көрсету саласына тәжірибе мен функционалдық білімге негізделген бес мықты мамандар аса қажет. Бұл ретте біздің мүдделі тұлғаларымыз бен білікті мамандарды оқытып шығаруды басты мақсат ете отырып, өз түлектерінің кәсіби даярлығының жоғары болуын шешуші фактор ретінде белгілеген медицина оқу орындарының арасындағы әріптестік қай деңгейде? Себебі, өзара жемісті әріптестік саясаты орнаса, нәтижесінде ауданымыздың болашақ мамандарын даярлау қиындық туғызбайды десек қателеспеспіз.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметіне сүйенсек, әлеуметтік көмек (грант) ауданымыздың төрт түлегіне ғана бұйырыпты. Солардың бірі Ермек Коржункеев Қарағанды қаласының медициналық жоғарғы оқу орнын тәмамдап, жергілікті аудандық ауруханада травматолог қызметін атқарып келеді. Ал, қалған үшеуі оқуын бітіріп, қазіргі таңда емханаларда сынақтан өтуде. Интернатурадан өтіп жүрген Арман Коржункеевпен хабарласқанымызда, ол алдағы уақытта ауданымызға оралып, еңбек етуді жоспарлап отырғанын айтты.

Мектеп түлектерін медицина саласына тарту мақсатымен ақпараттық үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді ме? Аудандық аурухананың бас дәрігерінің жауабымен шектелмес үшін аудан орталығының қос мектебінің 10-11 сынып оқушылары арасында жазбаша сауал-сұрақ жүргіздік. Нәтижесінде мектеп қатысушыларының жартысынан көбі аталмыш іс-шаралардың жүргізілмегенін жасырмады. Ал, болашақ түлектердің 26 пайызы өмірін медицина саласымен байланыстыруды жоспарлап отырғанын алға тартты. Демек, мүдделі мекемелер білім ордаларында болашақ мамандармен уақтылы, әрі жүйелі іс-шаралар жүргізсе, медицина саласын таңдауға тілек білдіретіндер саны 26 пайыздан жоғары болар еді ғой. Ал, бас дәрігер Абат Жауков сұрақтарымызға жауап беруден өрескел түрде бас тартты. Бұл бағытта өткізілетін жоспарлар спектрінің қай деңгейде екендігі біз үшін құпия болып қалды.

Ұзын сөздің қысқасы, мектеп түлектерінің медицина саласына деген қызығушылығын арттырып, бұл бағытта тиісті жұмыстар атқару және еліміздің медициналық ЖОО-мен белсенді түрде шарттар жасасу, өзге өңірлерден аса қажетті мамандарды тарту, қатардағы медицина мамандарын ауылдық ортада ұстап қалу қадр тапшылығын жоюға септігін тигізетіні сөзсіз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика