Қазақ хандығының тарих беттері

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/5/kaz-hanstvo-int-1.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/5/kaz-hanstvo-int-1.jpg'

kaz-hanstvo-int-1.jpgТәуелсіздігімізге биыл 24 жыл толғалы отыр. Егемен ел атанғалы бері қазақ хандығының мерейтойы елімізде алғаш рет аталып өтпек. Сондықтан да, бұл қазақ елі үшін тарихта қалатын маңызды мерекелердің бірі болмақ. Көппен көрер ұлы той, яғни қазақ хандығының тарих беттерін парақтап, сұрақтарымызға жауап алу мақсатымен №1 орта мектептің тәжірибесі мол, білікті тарихшысы Разия Джақсылықовамен жүздестік.

- Қазіргі күні зерттеушілер арасында қазақ хандығының қашан құрылғандығы жөнінде қарама-қайшылықты пікірлер қалыптасып отыр. Тарихшыларымыздың бірі қазақ хандығының құрылуы 1428 жылдан бастау алады деп әріге жіберсе, енді бірі 1445, 1456, 1465 жылдарына қатысты сан түрлі деректерін ұсынған. Қай дерекке сенсек болады?

- Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Қазақ хандығының құрылуына Керей мен Жәнібек хандардың Әбілхайыр ханның үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды. Ол кезде Жетісуды билеген Моғолстан ханы Есенбұға қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол ойраттарға қарсы күреске шыққанда, оны қолдамағандарды жазалай бастады. Нәтижесінде Жәнібек пен Керей Моғолстанға көшіп барды. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ тайпалары Керей мен Жәнібекке келіп, ес жинап, экономикалық тұрмысы түзеле бастайды. Мұны көрген Дешті Қыпшақ көшпенділері Әбілхайыр қол астынан шығып, Қазақ хандығына келіп жатты. Ал, Әбілхайыр хан болса өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына және оған көптеген тайпалардың ағылып бара жатқанына азуын басып, қылышын қайрап отырады. 1468 жылы ол Қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды. Бірақ, сапары сәтсіз болып, осы жорық кезінде қаза тапты.

- Қазақ хандығының тұңғыш хандары жайлы айтып өтсеңіз.

- Қазақ хандығы дәуірі екі үлкен тарихи кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңге хандық құрылғаннан 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғанға дейінгі аралық жатса, екінші кезең 1715-2935 жылдар аралығын қамтиды. Негізі қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды. Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды. Жәнібек ханнан кейін Қазақ хандығын Керейдің ұлы Бұрындық биледі. Ал, одан кейін хандықты көзге түскен хандардың бірі Қасым басқарды. Ол билік құрған жылдары хандықтың саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті, қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты. Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Батыс Еуропа да Қазақ хандығын осы кезеңде танып білді.

- Мерейтойдың тарихи-идеологиялық астары жайлы ойыңызбен бөліссеңіз.

- Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын идеология құралына айналдыру қажет деп есептеймін. Жастардың тарихи санасын жаңғырту үшін мектепішілік қана емес, аудандық көлемде түрлі интеллектуалдық сайыстар ұйымдастырып, бұл бағытта олармен көбірек жұмыс істеу керек. Әлбетте, тарихи сабақтастық мәселесі де назардан тыс қалмауы тиіс. Әңгімеміздің арқауы болған мерейтойдың ұлтты рухани тұрғыда серпілтетін қуаты бар. Сондықтан, осы мерейтойдан соң бұқараның ұлттық тарихты тануға ұмтылысы артып, халықтың рухы биіктесе екен деймін.

- Әңгімеңізге көп-көп рақмет!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика