Серік ШУИНОВ: «Кешенге келушілер көп»

Бірнеше жыл бұрын Тобыл ауылындағы пайдалануға берілген «Тобыл» спорт кешеніне келушілер аз емес десек артық айтпаспыз. Тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда аталмыш спорт кешенінің рөлі жоғары.

Мұнда күн сайын барлық жас санатындағы ауылдықтар футбол, волейбол, қазақ күресі, жеңіл атлетика, фитнес секілді спорттың көптеген түрлері бойынша өз шеберліктерін шыңдай алады. Жергілікті мекемелердің қызметкерлері үшін спорт кешенінің есігі әрдайым айқара ашық. Таяуда әйелдер қауымы аптасына үш рет кешкі сағат жетіден онға дейін ақысыз фитнеспен айналысуға мүмкіндік алды. Жанна Ермакова мен Елена Пайганованың жетекшілігімен фитнеске қызығушылық танытқан топтар екіге бөлінді. Айта кету керек, әйелдер қауымының сұрауы бойынша аудандық бюджеттен қажетті жаттығу құрылғыларына 640 мың теңге бөлінді. Бұл қаражатқа дене шынықтыруға арналған сан алуан түрлі жаттығу құрылғылары мен секіргіш, шеңберлер сатып алынды. Осынау асыға күткен сыйлықтан кейін фитнеспен шұғылданушылардың саны екі есе артыпты.



Таңғы оннан бастап белгіленген уақытта балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қатысушылары спорттың дзюдо мен жеңіл атлетика түрлерімен айналысады екен. Күніне кешенге екі жүзден астам адам келеді екен. «Баскетбол тіреулері мен шаңғылар болса, толықтай қамтылған спорт кешені болатын еді», - дейді спорт және денешынықтыру бөлімінің әдіскері Серік Шуинов. Оның айтуынша, тұрғындар баскетбол мен шаңғы спортын жандандыруға ниет білдіріп жүрген көрінеді. Тілек білдіруші қатары мол болғанмен, спорт мамандары жеткіліксіз болып отыр. Штаттағы жаттықтырушылардың еңбек ақысы аз, сондықтан олардың жергілікті мектептерде еңбек етіп жүргені жасырын емес.



Мұнда спартакиадалар ұйымдастыру дәстүрге айналған. 9 қаңтардан бастап Тобыл ұйымдары арасында VIII спартакиада өткізілуде. Таяуда табанды бәйгенің турнирі аяқталып, «Молодежная» командасы қарсыластарынан озып, биік шыңнан көрінді. Ақпанның 22-нен тобылдықтар волейболдан бақ сынасып, жүлделі орынға ие болу үшін бар күш-жігерін салуда. Айтпақшы, ұйымдастырушылар волейбол ойынына қатысушыларға бір талап қойған екен. Егер де командада бір әйел болмаса, ол команда жарысқа қатыса алмайды. Жоспар бойынша спартакиада 20 наурызға дейін өткізіледі. Әдеттегідей жалпы ұпайлардың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталады деп күтілуде.



Демеушілер жайлы айтар болсақ... Тобылдық Жұмабек Омаров үлкен теннис үстелін және теннис ракеткасын сыйға тартып, тұрғындарды қуанышқа бөледі. Теміржолдықтар да ұйымдастырылатын небір іс-шараларға белсенді ат салысып, ақшалай көмек көрсетуден еш жалықпайды. Жаттығуға келетін ұйымдар кешеннің доптарын тоздырмас үшін өздерінің доптарын, спорттық киімдерін алып келеді екен.



Тобыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын ұстануға ниет білдірушілер қатары көп екендігі спорт кешенінің кіре берісінен-ақ байқалады. Тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыруда ұйымдастырушылардың еңбегі өте зор екендігін атап өту керек. «Кешенге келушілер көп. «Бірігіп көтерген жүк жеңіл» демекші, мұның бәрі ұжым мен белсенді азаматтардың бірігіп жасаған жұмысы деп білемін», - дейді Серік Шуинов. Бір сөзбен айтқанда, мұнда ауыл тұрғындары мен жастардың бұқаралық спортпен айналысуына барлық жағдай жасалған.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика