Сен де «Жылуыңды сыйла»!

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/6/ewe-odna-akciya.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/6/ewe-odna-akciya.jpg'

ewe-odna-akciya.jpg2014 жылдың қараша айында «Жылуыңды сыйла» атты қайырымдылық ациясы басталған-ды. Жастар бастамалары орталығы мұрындық болған іс-шараның мақсаты – мұқтаж жандарға материалдық көмек көрсету.

Аталмыш қайырымдылық акция шеңберінде аудан тұрғындары жетім балаларға, жағдайы төмен отбасыларға, жалғыз басты адамдарға жылы киімдерін тапсырған.

Ауданымыздың жастар орталығының мәліметіне сүйенсек, осынау игілікті іс-шараға белсенді атсалысып, қолдау көрсеткен еріктілер қатары аз болды. Ал, халық бастау алған қайырымдылық акция жайлы ақпараттандырылды ма? Жастар бастамалары орталығының директоры Жеңіс Жұмашевтің айтуынша, қайырымдылық акция туралы жергілікті газет бетінде, аудан әкімінің ресми сайтында және әлеуметтік желіде жарияланыпты. «Аз да емес, көп те емес барлығы таза, жылы 85 киім-кешек пен төрт аяқ-киім жиналды. Көмекке зәру жандар бізге келіп,өздеріне және балаларына шақ келетін киімдерді таңдап, алғыстарын білдіріп жатты. Көмектескен кісілердің қамқорлығынан жылы шырайларынан, жан дүниелері де жылынды», - дейді ол.

Қаңтардың 31-і ұйымдастырушылар Тобылға бет бұрып, ауылдықтарға жан жылуын сыйлап, жиналған киім-кешектерін табыстады. Жастар бастамалары орталығының атынан салмақты істің жүзеге асуына атсалысқан Николаев мектебінің ұжымына, №1 мектептің әлеуметтік мұғаліміне, аудан орталығының тұрғындарына шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Айта кету керек, «Жылуыңды сыйла» акциясы өз мәресіне жеткен жоқ. Енді бір жыл бойы киім-кешектермен қатар, балалар ойыншығы да қабылданады. Сіз де өз үлесіңізді қосуға асығыңыз!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика