«Ана жақсылығын ауырсаң білерсің...»

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/6/mal4ik-invalid-kasymova2015.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/6/mal4ik-invalid-kasymova2015.jpg'

mal4ik-invalid-kasymova2015.jpgЕстеріңізде болса, алдыңғы жылдары «әлеуметтік қызметкер статусы берілсін! Әлеуметтік қызметкерге төленетін жалақы бізге де берілсе...». Мүгедек баласына қарап, еріксіз үйде отыруға мәжбүр бір топ ана Үкіметке осындай ұсыныспен шықты. Нәтижесінде шенеуніктер қандай шешімге келді? Жалпы, мүгедек балалардың аналарына қандай материалдық көмек көрсетіледі?

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпаратына сүйенсек, ауданымыз бойынша осы топтағы бір ана арнайы курстан өтіп, әлеуметтік қызметкер ретінде мүгедек баласын қарайлап жүрген көрінеді. Ауру баласына қарап, үйде отырған аналарға әлеуметтік қызметкер статусын берген дұрыс та шығар. Бәрібір сондай қызметкерге ақша төленеді ғой. Мүгедек балаға анадан артық кім қарасын. Бұл Үкімет үшін де тиімді емес пе? Біріншіден, ауру балаға жәрдем жасалады, екінші үйде отыруға мәжбүр қалған аналар жұмыспен қамтылады. Ал, үйде оқитын мүгедек балалар жайлы айтар болсақ, олар психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің мамандарының нұсқауымен ғана үйде оқытылады. Ауданымызда мүмкіндігі шектеулі он төрт бала айына 3АЕК көлемінде әлеуметтік төлемақы алады екен. Солардың бірі – аудан орталығында тұратын Ернар Абдуллин.

Тоғыз жасар Ернар үш жасынан эпилепсия ауруына шалдыққан, сондықтан бүгінде дамуы тежелгендіктен ойлау қабілеті алты-жеті жастағы баламен тең. Анасы Ұлдайдың айтуынша, әрдайым дәрігердің қарауында болғанмен, кішкентайынан ауру ұстамасымен және сөйлеу іркілісімен күресуде. Елімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау, түзете-дамыту, оңалту заңды түрде қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі балалардың бірі болып табылатын Ернар да өз қажеттілігі мен даму деңгейінің мүмкіндігіне қарай білім алып, тәрбиеленуде. Анасы Ұлдай баласының әлеуметтік ортаға бейімделуі үшін баласын үйде емес, мектепте оқуын жөн көреді. Жазу мен санауда шамалы қиындықтар болғанмен, жеке сабақтардың пайдасы өте көп дейді. Оған қоса, Ернар Абдуллин жетілуі үшін жергілікті өнер мектебінің көркемөнер үйірмесіне қатысады. Ұлымен дара тіл таба білетін Ұлдай Әлиғапарқызы мұғалім қызметін атқарады. Ол мүмкіндігі шектеулі баланың анасы ретінде 2012 жылдан бері мүгедектік бойынша және арнайы мемлекеттік төлемақымен қоса, бала күтімі үшін ақша алады.Әйтеуір, анализдер де, арнайы дәрі-дәрмектер де ақысыз екен. Жылына екі мәрте Затобол ауданында бір айлық емдеу курсынан өтеді. Қиындықтарға табандылықпен төтеп беріп жүрген науқас баланың анасы тағдырдың жазғанына мойымай, бауыр еті Ернар баласын интернатқа өткізуге мүлдем қарсы. Халқымыздың «ана жақсылығын ауырсаң білерсің...» деп бекерден-бекер айтпағанын осыдан-ақ байқауға болады. Ананың алақаны балаға айдынды қоныс екендігін есімізден шығармағанымыз абзал.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика