7 құқықбұзушылық анықталды

c_410_290_16777215_00_http___club.foto.ru_gallery_images_photo_2009_01_21_1265545.jpgОблыстық ІІД нұсқауына сәйкес, АІІб аудан аумағында 12-14 ақпан аралығында «Түнгі қаладағы балалар» сауықтыру шарасын өткізді.

Аудандық ішкі істер бөлімі барлық қызметкерлерін және басқа да мүдделі ведомстволарды тарта отырып, кәмелеттік жасқа толмағандар желісі бойынша жедел жағдайды сауықтыру, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жасалған және олар жасаған қылмыстар мен құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың құқық сауаттылығын жоғарылату, кәмелетке толмағандарға алкоголь шараптарын, темекі заттарын сату фактілерін анықтау, жасөспірімдерді қоғамға қарсы істерді жасауға жұмылдыратын ересек адамдарды анықтау мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырды.

АІІб ақпаратына сүйенсек, жедел сауықтыру шара барысында аудан аумағында 7 құқықбұзушылық анықталды. Солардың ішінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай ҚР ӘҚБтК) 442 бабының 2 бөлімі бойынша 3 дерек үлкендердің қарауынсыз түн мезгілдерінде көше кезген жасөспірімдерге қатысты болып отыр. Сондай-ақ, 3 жеткіншек алкогольді ішімдік ішкені үшін қолға түсті. Енді олар ҚР ӘҚБтК 440 бабының 2 бөлімі бойынша жауапқа тартылады. Ал, 21 жасқа толмағандарға алкогольді ішімдік сатқан 1 құқықбұзушыға ҚР ӘҚБтК 200 бабының 1 бөлімі бойынша айыппұл салынды. Айта кету керек, сауықтыру шарасын өткізуге білім беру ұйымдары, «Нұр Отан» партиясының жастар филиалы, үкіметтік емес жастар ұйымдары, ата-аналар қоғамының өкілдері тартылды. Естеріңізге сала кетейік, көңіл көтеру және ойын-сауық орындарында ата-аналарсыз жүрген кәмелеттік жасқа толмағандарды және кешкі, түнгі уақытта халық көп болатын орындарда болатын жасөспірімдерді анықтау мақсатында полиция қызметкерлері жүйелі түрде «Түнгі қаладағы балалар»жедел алдын алу шарасын өткізіп отырады.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    В 1905 году в Ново-Ильинском открылась деревянная школа, носившая название- Дамбарская русско-казахска ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Директор Ново-Ильинской школы в 1918 году- Решетняк Василий Прокофьевич. В 1926/27 г. округом выделены ...

    Подробнее...

     
  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика