Тағы да қоқыс жайлы...

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/7/7 2015 22.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/7/7 2015 22.jpg'

7 2015  22.jpgБүгінде тиіп кетсең, бұрқ етіп төгіліп, шашылатын қоқыстар ауданымыздың қай аймағынан да табылады. Арнайы контейнерлердегі түрлі қоқыстардың өртенуі де жиі-жиі орын алып жүр.

Мемлекеттік мекеме ғимараттарының қасындағы қоқыс жәшігінде өз беттерімен қатты тұрмыстық қалдықтарды немесе қоқысқа тасталатын басқа да заттарды өртеп, онысын бақылаусыз тастап кететін жағдайлар кездеседі. Тұрғындар да арнайы контейнерлердің маңайындағы асығыс-үсігіс жиналған қоқыстарды әлгі жәшікте өртеуді әдетке айналдырып алған. Кей кездері қоқыс жәшігінен бой көтеріп жатқан көк ала түтінді байқаған болатынбыз. Мүдделі органдардың дер кезінде тиісті шара қолданар деген ойымыздан айнымап едік. Алайда, осы күнге дейін бәрі де сол қалпынша. Ал, көпқабатты үйлердің төңірегінде орналасқан қоқыс жәшіктері жайлы айтар болсақ, тұрғындар қалдық заттарды жәшіктің ішіне салмай, жанына лақтыра салады. Желді күндері аяқ асты жүргісіз әлгі жәшіктің айналасында тамақ қалдықтары да шашылып жатады. Мұндай жерлерде оны қорек етіп жүрген қаңғыбастарды да, ит пен мысықтарды да кезіктіресіз. Қоқыс жиналмайды емес, жиналады. Бірақ, әлгі қоқыс айналасы жабық болмағандықтан және жәшіктің айналасындағы шашылып жатқан қоқыстар тазартылмағандықтан, олар шіріп, иістенуде.

Сол сияқты аймақтарды аралай жүріп, Комсомольская көшесіндегі №39 үйге тиесілі қораның артындағы көрініске тап болдық. Мұнда ішіп-жеуден қалған бөтелкелер, қалдықтар алыстан-ақ көзге ілінеді. Оның иісі қолқаңды жарып, тұншықтырады, жүрегің лоқсиды. Оған қоса, дәл сол қоқыстың жанынан күнде адамдар жүріп жатады. Аудан орталығының әкімі Азамат Қалақпасовтың айтуынша, ол учаскелік инспектормен бірге тұрғындар арасында қоқысты әр жерге шашпай, арнайы орынға төгу жөнінде сан мәрте алдын алу шараларын жүргізген. Оның сөзіне қарағанда, биылғы жылы мұндай фактілер тіркелген жоқ. Әйтсек те, бұл мәселе әрдайым бақылауда болғанмен, «пысықай» ауылдықтар да үйреншікті әдетін қалдырмай жүрген секілді. Құлаққа «алтын сырға» осындай әдепсіз әрекеттің үстінде қолға ұсталсаңыз, айыппұл төлеуге тура келеді. Ал, мекеме, кәсіпорын және кәсіпкерлік субъектілердің басшыларына айтарымыз, қоқыстарды контейнерлерде өртеуге тыйым салынады. Себебі, қоршаған ортаға кесірін тигізумен қатар, оның салдарынан қоқыс жәшіктері тез арада ескіріп, тозады.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика