Ақпанның 18-і күні ауданымызда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ауқымды спорттық іс-шара өтті. Шараның ұйымдастырылуына аудандық «Әйет» мешіті ұйытқы болды.
Жітіқара, Лисаков, Рудный, Качар, Тобыл, Таран елді-мекендерінің мешіттеріне баратын жастардың, мешіт жамағатының басын қосқан аталмыш шара аудан орталығында өтті. Спорттық шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Әйет» мешітінің бас имамы Ислам Хамзиннің айтуынша, мұндағы басты мақсат – азаматтарға Елбасының саясатын түсіндіріп, хабардар ету, сыйластық идеяларын насхаттау арқылы татулыққа, салауатты өмір салтын ұстауға шақыру.
Кез келген ерікті ниет білдіруші арқан тарту, қол күресі, мылтық ату, үстел теннисі және футболдан сайысқа түсіп, бақ сынады. Бірнеше сағатқа созылған спорттық дода қызу өтті. Ойыншылардың белсенділік танытып, жақсы ойын көрсеткенін байқамау мүмкін емес еді. Қимыл бірлігін қалыптастырып, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейтін футбол, арқан тарту ойындарында тартысқа командалар түссе, спорттың дәлдікті, білектің күшін, жылдамдықты талап ететін қалған үш түрінен жекпе-жек жарысты. Нәтижесінде 1-ші орынды Лисаков қаласының «Әс-сәләминь» мешіті жеңіп алса, 2-ші орынды рудныйлық «Нұр» мешіті иеленді. Ал, Таран ауданының «Әйет» мешітіне 3-ші орын бұйырды. Шара қорытындысында барлығы да мадақтамалармен және кубоктармен марапатталды.
Айта кету керек, демеушілік еткен Мұратбек Сейтқұловтың, Кенжетай Мұқановтың, Айбатыр Ахметбековтың, Серікбай Қадамбаев пен Сәлімхан Мурзагуловтың арқасында өңірлік спорттық шара ойдағыдай өтіп, ат терлетіп келген қатысушыларға ақ дастарқан жайылды. Жұртшылықты татулыққа шақырып, бірлікке бастаған шара елдігіміздің ынтымағын арттырып, рухани қолдауға ие болған айтулы шараның ұйымдастырушыларының атынан қолдау көрсеткен жандарға алғысымызды білдіреміз.
13.03.2025 13:05
Физическая культура играет важную роль в воспитании подрастающего поколения, формируя не только силу и выносливость, но и характер, дисциплину, командный...
13.03.2025 13:04
Қазіргі заманғы кітапханашылар тек кітап сақтаушы ғана емес, сонымен қатар жастардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырушы, олардың оқуға деген қызығушылығын арттырушы және...
13.03.2025 13:03
Законом «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной службы» внесены изменения в Закон...
13.03.2025 12:21
6 марта состоялась внеочередная сессия маслихата района, на которой был избран председатель маслихата и рассмотрены текущие вопросы повестки дня.На должность...
13.03.2025 12:20
Қыс мезгілінде қардың жиналуы жол қозғалысына, жаяу жүргіншілерге және жалпы қауіпсіздікке кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан қарды уақытында тазалау өте...
13.03.2025 12:18
Во вторник, 11 марта, завершилась ежегодная спартакиада среди организаций районного центра. В этом году традиционное спортивное соревнование объединило семь команд,...
13.03.2025 09:52
Погода вносит свои коррективы. Конец зимы и начало весны принесли нам снежные осадки. В целях организации безопасности и угрозы подтопления...
13.03.2025 09:51
Ежегодно Отдел полиции района Беимбета Майлина организовывает и проводит отчетные встречи, на которых начальник Отдела полиции доводит информацию о проводимой...
13.03.2025 09:50
В минувший четверг районный филиал партии «AMANAT» совместно с представителями совета ветеранов, сотрудниками и активистами молодежного ресурсного центра провел работу...
13.03.2025 09:48
В канун Международного женского дня районный Дом культуры им. Е. Умурзакова распахнул свои двери для грандиозного концерта, посвященного прекрасной половине...
13.03.2025 08:47
Олжас Бектенов провел заседание республиканского штаба по координации противопаводковых мероприятий. Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Республиканского штаба по координации противопаводковых...
13.03.2025 08:45
Олжас Бектенов су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Су тасқынына қарсы шараларды...
06.03.2025 12:08
Хоккей турнирі жергілікті тұрғындар мен хоккей әуесқойлары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Жарыстың басты мақсаты – спортты дамыту, салауатты өмір салтын...
06.03.2025 12:07
Теміржол – жоғары жауапкершілікті, ұқыптылық пен кәсіби шеберлікті талап ететін сала. Осы саланың дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген жандардың...
06.03.2025 12:05
Она – учитель! Она – тот человек, который является светилом, вселяющим в души своих учеников и своих воспитанников вдохновение, стремление...
06.03.2025 12:04
Пробирно-аналитическая лаборатория АО «Варваринское» – место, где за формулами, реактивами и сложными анализами скрывается кропотливый труд почти сотни работников. Здесь,...
06.03.2025 12:01
В преддверии Международного Женского дня 8 марта мы говорим о них, о женщинах, занятых в разных сферах деятельностях. Где бы...
06.03.2025 12:00
Приближается самый теплый весенний праздник. Праздник наших дорогих женщин: бабушек, мам, сестер, дочерей и коллег по работе.Пожалуй, это праздник, когда...