- Подробности
-
Категория: №22 (10342) от 31 мая 2018 г.
-
Создано 31.05.2018 05:53
-
Просмотров: 4741
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрініс тапқан латын қарпіне көшу туралы іргелі жобаға байланысты өткен аптада Қостанай қаласында «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа бастар бағыт» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты - қоғамымызда латын әліпбиіне көшу жағдайына байланысты өзекті мәселелері мен оның шешу жолдарын бірлесе қарастыру, талқылау және арнайы тіл мамандарымен ой бөлісу, пікірлесу.
Конференция жұмысына дейін, облыстағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің, тілдерді дамыту орталықтарының, БАҚ өкілдерінің және арнайы тіл мамандарының қатысуымен жеке-жеке секциялар өткізілді.
Республикалық аталмыш конференцияны облыстық мәслихаттың хатшысы Сайлаубек Ещанов ашып, жүргізіп отырды. Конференция барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдешев, Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Еркін Әбіл, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Әлімхан Жүнісбеков сөз сөйлеп, айшықты ойларын ортаға салып, өзіндік пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, латын әліпбиіне көшу – болашаққа, жаһандық кеңістікке кірігу құралы екендігі туралы тұжырымдар айтылып, нақты дәлелдер келтірілді.