Мәдениет үйі жас мамандармен толықты

Қазіргі кезде өзіміз білетіндей жастарға мемлекет айрықша қолдау көрсетіп, көмектесуде. Оқуды аяқтағаннан кейін де, жұмысқа бірден орналаса кетуде оңай емес.


Қандай да жұмыс болмасын, өз ісінен тәжірбиесі мол, жұмысқа қабілетті адамдар іздейді.Үкімет жастарды қолдау жұмыстарының барысында «Жастар тәжірбиесі» және де «Дипломмен ауылға» жобаларын да қарастырған болатын. Жастар ол біздің болашағымыз, мемлекетіміздің гүлденіп, алдыңғы елдер қатарында болуына да, жастардың тигізер пайдасы орасан зор болмақ. Қазіргі таңда Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылында да осы «Дипломмен ауылға» атты жобамен келген азаматтар бар. Жастармен сұхбаттасу барысында олар өздерінің үкімет көрсеткен қолдауы туралы айтып өткен болатын. Олар: Балтабаев Айбек Базарбаевич, Ануарбеков Асан Булатович, Жүрсін Таңатқан Ерланұлы. Жас маман Балтабаев Айбек Базарбаевич 2000 жылы 9-шы қазанда дүниеге келген. 2016-жылы Қостанайдағы Қостанай педагогикалық колледжіне «Әлеуметтік-мәдени шаралар және халық шығармашылығы» мамандығына оқуға түскен. Дәл қазіргі сәтте Бейімбет Майлин ауданындағы Әйет ауылында мәдениет үйінде музыкалық жетекші қызметін атқаруда . Сонымен қатар осы 2021 жылы жұмысқа орналасқан Ануарбеков Асан Булатович те осы мәдениет үйінде мәдени-ұйымдастырушы қызметінде жұмыс жасайтындығын және де өз жұмысы мен ұжымының өзіне ұнайтындығын айтып өтті. Жүрсін Таңатқан Ерланұлы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институына 2013 жылы музыка пән мұғалімі мамандығына түсіп, 2017 жылы аяқтаған. Қазір мәдениет үйінде қызмет атқарады. Жастар талпынысы жақсы, алдына мақсат қойған талантты азаматтар. Егеменді еліміздің жастарға осылай «Дипломмен ауылға» жобасымен тұрғын үй беріп қолдау көрсетуі бұл ізгі істер бастамасына жол деп айтсақ қате болмаса керек. Жастарды осындай жобалармен ауылға шақыру арқылы ауылдың және сол ауылдағы қоғам өркендеуде. Мемлекетіміздің бейбіт, егеменді ел болуы, өркендеп өсуі - жастардың талпынысы мен шығармашылық өсуінде.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане