- Подробности
-
Категория: Рухани жангыру
-
Создано 08.10.2020 08:50
-
Автор: Super User
-
Просмотров: 38976
"Рақмет саған, Туған Ел, "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы"кіші жобасы аясында, ағымдағы жылдың қыркүйегінде ішкі саясат бөлімі басшысы О.Нұрғалиева Е.Өмірзақова атындағы мәдениет үйімен бірлесіп, кәсіби дайындық факультеті бастығының міндетін атқарушы, философия ғылымдарының кандидаты, доцент, отставкадағы полковник Гүлбарам Темірқанқызы Құлжановамен ZOOM платформасы арқылы бірлескен тікелей эфир өткізді.
Бұл іс – шараның мақсаты-жастар мен аудан тұрғындарына жеке даму жолын өз бетінше таңдауға және өз күшіне сенуге мүмкіндік беретін білімге баулу. Бұл туралы Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында және оның қоғамымыздың дамуындағы рөлі айтылған. Эфирдің жалпы саны 31 адамды құрады. Онлайн іс-шараның спикері, ішкі саясат бөлімінің басшысы О. Нұрғалиева "Рахмет саған, Туған Ел!", ауданның табысты тумаларымен өткізілген іс-шаралар,кездесулер және табысты жерлесіміздің қысқаша өмірбаяны туралы айта кетті. Гүлбарам Темірқанқызы қатысушыларға өзінің табысқа жету жолы, оқытушының жұмысы, философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертацияны қорғау, доцент, профессор, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының бастығы және ішкі істер органдарындағы жұмысы, көптеген жетістіктері мен қолда бар наградалары туралы айтып берді.
Осы уақытқа дейін "Рақмет саған, Туған Ел, "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы кіші жобасы аясында 6 онлайн кездесу өткен болатын.