Сандық - көшпенділер үшін ыңғайлы тұрмыстық бұйым ғана емес, қазақ халқы мәдениетінің ең ежелгі бұйымдарының бірі.
Көшпелі қазақтар сандыққа киім-кешекті, заттарды, әртүрлі тағамдарды, ал оның үстінен – көрпелерді жинайтын болған. Көші-қон науқанында сандықты арбаға, түйеге немесе атқа жегу қолайлы болған. Сандықтың аузы көп жағдайда құлыптанып тұратын. Оған ішкі құлып немесе аспа құлып орнатылған. Сандықты жерге қойғанда түбін дымқыл тартпау үшін астындағы төрт жағына ағаштан аяқ орнатылған. Қазақ халқы үшін сандық – қыз жасауының ажырамас бөлігі. Бүгінде сандықпен қыз жасауын арнайы алып бару дәстүрі еліміздің көп аймақтарында сақталған. Сандық өз тарихын тереңнен алады.
Қазіргі таңда сандықты ата-әжелеріміз үйінен көруге болады. Осындай әжелеріміздің бірі Новоильин ауылында тұратын Бестай Гүлжамал әже. 1992 жылы монголия елінен осы ауылға көшіп келген әжеміздің 8 баласынан 20 немерелері мен 13 шөберелері бар. Ежелден қазақтың төл жиһазы туралы әжеміз біраз сыр ақтарды:
-Қыз өсіп келе жатқан үйде ата-ана жасауды күні бұрын жинаған. «Сандық қыздың бақыты» деген сөз осыдан қалған болар. Өйткені жасауы сандықта сақталған қалыңдыққа бәрі қызыққан. Онда киім мен әшекей бұйымдары сақталады. Қызды ұзатар кезде, оның киім-кешектерін, асыл бұйымдарын сандыққа салатын болған, ал оның үстіне – төсек жабдықтары салынатын болған. Болашақ жарының үйіне ұзатылған қыз өзінің жасауымен баратын болған. Қазақ халқында сандыққа байланысты ырымдар бар. Сандық ашар – қазақ халқындағы жоралғылардың бірі. Келін түскенде оның сандығына арнаулы мата салынады. Ол «сандық ашар» жоралғысында алынып, сол тойға қатысқан, әйелдердің бәріне үлестіріп таратылады. Маталар бөліктерінен жас келіндер құрақ көрпе тігетін болған. Бұл қазақ халқының ежелгі салттарының бірі. Ерте кездерде сонымен қатар, босанғалы жатқан әйелдің толғағы жеңіл болуы үшін де, үйдегі бар сандықтың ауыздарын ашып қоятын ырымдар болған.
Ия, сандық жасау асқан шеберлікті талап етеді. Шеберлер сандықты қайың, қара тал, емен ағаштарының сүрегінен ойып жасаған. Сырты темірмен, мыс жапсырмамен, қатырма ою өрнектермен көркем етіп безендірілген. Сандықтардың көлемі тұрмыста қолданылуына қарай әр түрлі болған. Кіші сандықтар 30-60 сантиметр болса, үлкендері 60-120 сантиметрге дейін жетіп,ішінде сақталатын затқа қарай, арнайы атауы да болған. Мысалы, шай мен сары май, нан сақтайтын сандықты «шай сандық» десе, киім-кешек, маталарға арналғанын «мата сандық», ал ең үлкенін «жүк сандық» деген екен. Ежелгі бабаларымыз сандықтың өзін өрнектермен нақыштап қана қоймай, зергерлік өнердің әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, алтын, күміс басқа да небір құнды асыл тастармен өрнектеген. Ондағы әшекейлердің байланыстары өте күрделі. Шеберлер ағаш бұйымдарын көбіне сүйекпен әрлеген. Оңтүстікте сандықты бояумен сәндеу, ою жүргізу басымырақ болса, солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде түсті металдармен безендіру жиі кездеседі. Ал, батыста бедерлеп ою ойылып, қосымша түрлі-түсті бояулар жағылып көркемделеді екен.
Сандық ежелден қазақтың төл жиһазы, халықтың көшпелі тұрмысында құнды дүниесі мен күнделікті тіршілікке қажетті жабдығын сақтайтын мүліктің қадірлісі саналған. Қазірдің өзінде той томалақтарда сандық ашып, ұлттық дәстүрлеріміз жаңа бағытпен өмірімізге енуде. Жаһандану мен өркениетті елдер қатарына қосылу кезеңінде «Сырлы аяқтың сыры кетсе де , сыны кетпейді»,- дегендей сандықты қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі ұлттық ерекшелігі бар, рухани, этикалық, эстетикалық мәдениет қалыптастырудағы қолданбалы өнердің бір бөлшегі ретінде бағасы әр кез жоғары.
17.04.2025 14:11
«Таза Қазақстан» - бұл Қазақстан Республикасында экологиялық жағдайды жақсарту, табиғатты қорғау, қоршаған ортаны ластанудан сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында...
17.04.2025 14:10
Внести свой вклад в чистоту родного края пожелала молодежь нашего района. 14 апреля педагоги и учащиеся старших классов школ района...
17.04.2025 14:07
Әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан Тобыл кенті соңғы жылдары көптеген өзгерістер болды. 2025 жылға қарай кенттің дамуында тағы да бірқатар маңызды жоспарлар...
17.04.2025 14:06
В рамках программы рабочей поездки в Шымкент Касым-Жомарт Токаев посетил Дворец школьников № 2.Учреждение представляет собой современный центр дополнительного образования....
17.04.2025 14:01
В АО «Варваринское» по традиции к Дню геолога провели конкурс профессионального мастерства. Геологи всегда основательно подходят к делу, не спеша...
17.04.2025 14:00
У каждого уважающего себя издания должен быть характер. Не просто стиль, не слог, не модный шрифт - именно характер. Газета...
17.04.2025 13:58
Сборная «Варваринского» принимает участие в турнире по хоккею с шайбой среди любительских команд, посвященном памяти именитого тренера Сергея Ананича. Им...
17.04.2025 13:56
Прививать у учащихся чувство патриотизма к своей родине, развивать навыки военного дела и спортивной подготовки - вот основные цели, которые...
17.04.2025 13:52
Учитель физической культуры Набережной общеобразовательной школы Аманжол Баянбаев принимал участие в районном конкурсе «Лучший педагог физической культуры». Показав отличные профессиональные...
17.04.2025 13:51
Жедел жәрдем - бұл адамның өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіп төнген кезде көрсетілетін шұғыл медициналық көмек. Мұндай жағдайларға апаттар, жүрек...
17.04.2025 13:49
Қазіргі таңда жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру – қоғам үшін аса маңызды мәселелердің бірі. Осы бағытта еліміздің полиция қызметкерлері мектептерде оқушылармен...
17.04.2025 13:44
С таким девизом по жизни живут и развиваются участники районного клуба «Активное долголетие».Сегодня, 15 апреля, они собрались в парке и...
17.04.2025 13:41
С каждым годом все больше и больше реализуется программ, направленных на поддержку и развитие молодых людей.С целью развития потенциала среди...
17.04.2025 13:33
В школах района активно ведется работа по военно–патриотическому воспитанию учащихся. С целью укрепления здоровья обучающихся, совершенствования патриотического воспитания, развития волевых...
17.04.2025 13:32
Вместе мы составили продуманный план действий, который позволит улучшить жизнь каждой семьи в каждом городе, районе и селе – отмечено...
17.04.2025 13:24
15 апреля в здании районного Дома культуры состоялся форум активных женщин района Беимбета Майлина.Организаторами данного мероприятия выступили филиал Палаты предпринимателей...
17.04.2025 08:55
Встречи в рамках государственного социального заказа «Сохранение и укрепление межэтнического и межконфессионального согласия в районе Беимбета Майлина».15 апреля 2025 года...
10.04.2025 10:09
Уже на протяжении трех месяцев в селе Айет работает клуб, который предлагает посетителям окунуться в удивительный мир компьютерных игр. «У...