- Подробности
-
Категория: №39 (10359) от 27 сентября 2018 года
-
Создано 27.09.2018 06:25
-
Автор: Super User
-
Просмотров: 5103
Елімізде эфирді цифрлық телерадио хабар таратуға ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Өткен аптада аудан аумағында осы мақсатта түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оған жергілікті билік өкілдерімен қатар Лисаков қалалық «Қазтелерадио» АҚ РТС басшысы Кутдусов Айрат Азатович пен оның бірінші дәрежелі технигі Роман Гальчук атсалысып, тұрғындарға кеңінен мәліметтер берді.
Цифрлық телевидение - бұл видео белгі мен дыбыс таратудың жоғарғы сапасы, сондай-ақ визуалды кедергілерді жойып, тұнық дыбысты қамтамасыз етеді.
Цифрлық хабар таратуды енгізу және дамыту жобасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына енгізілген болатын.
«Жоба бойынша 827 радио және теледидар стансасын салу және жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Құрылыс жұмыстары 2012 жылдан бері жүргізілуде және бүгінгі таңда 356 станса салынды. Жылдың соңына дейін тағы 292 станса құрылысын аяқтау жоспарлануда, ол халықтың 94% -ын цифрлық хабар таралымымен қамтуға мүмкіндік береді. Қалған 179 стансаны 2019-2020 жылдары пайдалануға беру жоспарлануда. Цифрлық эфирлік хабар тарату жүйесі халыққа облыстық орталықтар мен Астана және Алматы қалаларында 30 отандық телеарнаны, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде 15 телеарнаны абоненттік өтемақысыз цифрлық сапада көруге мүмкіндік береді. Осылайша, эфирлік цифрлық хабар таратуды енгізу қала мен ауыл тұрғындарының арасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігін дамыту үшін сапалы жаңа мүмкіндіктер береді»,- дейді Айрат Кутдусов.
Радио және теледидар стансасы Денисовка, Тарановка аудандарында, Аятта және Рудный, Лисаков қалаларында салынған. Осы станциялар арқылы жергілікті тұрғындар «Қазақстан», «Хабар», «Хабар 24», «Қаzакһ ТВ», «Балапан», «Қазспорт», «КТК», «Мир», «1 канал Евразии», «Астана», «НТК», «7 канал», «31 канал», «СТВ», «Қазақстан- Қостанай» телеарналарын еш ақысыз тегін көре алады.