Дәл осылай дарқан даламыздың қазына қарттарын Сағи ақын жырлағандай, қашанда төрімізден қарияларымыз кетпеген халықпыз. Аға ұрпақтың төл мерекесі қарсаңында ауылдың ардақтысы Жапарғали Қазкеевпен кездесу бұйырды.
Ағамыздың да бізге айтары көп-ақ. Бүгіндегі ардақты қария әңгімесін немере-шөберелері жайлы айтып, суреттерін көрсетуден бастады. Оның әр сөзінен артынан ерген ұрпағы үшін мақтаныш сезімі мен қуаныш сезінді. Жанында отырған ақжаулықты анамызды «Бұл менің кемпірім» деп ерекше сүйіспеншілікпен таныстырды.
«Мен көпбалалы отбасында өстіп, Жапарғали болса, бір үйдің жалғыз баласы. Жалғыз болып өссе де, бойында біреуге міндеп арту, ата-анасынан көмек күту секілді қасиеттерді осы уақытқа дейін еш байқамадым. Отасқанымызға елу жылдан аса уақыт өтті. Осы уақыт ішінде ол мен үшін нағыз тірек, дос, жанашыр, сырлас бола білді,» - дейді Айсәуле апамыз.
Әңгіме барысында көзге жас алып, олар танысқан шақтарын еске алды. Ол кезде Жапарғали ағамыз жігіттің төресі Троицк училищесінде оқып жүрген студент еді, апамыз сұлу бойжеткен. Олардың қосылуына себеп болған - студенттік кеш. Сол кеште ағамыз бірден Айсәуле апамызды биге шақырып, жөн біліскен соң, алып қашуға бел буған екен. Жас келінді алғаш көрген де сол курстас достар.
Сол уақыттан бері елу жыл өтті. Алтын құрсақты Айсәуле ана дүниеге жеті бала алып келді. Бүгінде ұлдары бір-бір шаңырақтың иелері, қыздары бір ошақтың басын тұтатып отырған ибалы келін, аналар.
«Ұл-қыздарым, жиырма немерем, төрт шөберем, міне, менің байлығым осы. Барым да, нәрім де осы қолқанаттарым,» - дейді Жапарғали аға.
Әңгіме барысында ағамыздан атқарған еңбегі жайлы сұраған болатынбыз. Өз жетістіктері жайлы айтып мақтанудан бас тартты. Ауылдастарына ол өмір бойы басшылық қызметте абыройлы еңбек атқарған азамат ретінде таныс. Байыппен айтқан әр сөзі, зілі жоқ әзілдері, отбасына деген ерекше махаббаты, өмірлік серігіне деген құрметі бұл кісінің нағыз ер азамат екенінің дәлелі.
12.06.2025 08:33
В рамках реализации государственной политики по повышению уровня знаний налогового кодекса, воспитания правовой культуры граждан в вопросах защиты средств и...
12.06.2025 08:31
Традиционный конкурс профмастерства к Дню химика на АО «Варваринское» и на этот раз провели креативно. Участники, сотрудники пробирно-аналитической лаборатории, показали...
12.06.2025 08:30
5 июня на центральной площади с. Айет состоялось яркое событие, открывшее праздничный месячник, посвящённый Национальному дню домбры. Концерт под названием...
12.06.2025 08:29
В рамках реализации государственных программ, направленных на занятость детей в летнее каникулярное время при организациях образования и учреждениях дополнительного образования,...
12.06.2025 08:28
Произошло событие, заслуживающее внимание и уважение: жители улицы Школьная в селе Новоильиновка объединились ради общего дела и своими силами привели...
12.06.2025 08:27
Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Бейімбет Майлин аудандық мешіті жамағаты және аудандық спорт бөлімі қолдауымен волейболдан дәстүрлі жарыс ұйымдастырылады. Жарыста...
12.06.2025 08:26
Өткен аптада Құрбан айт мерекесіне орай Бейімбет ауданы «Әйет» мешітінде игі іс-шаралар ұйымдастырылып, көпшілікке қуаныш сыйланды.
05.06.2025 12:08
В канун Дня защиты детей АО «Варваринское» организовало для ребят праздник и подарило детворе Асенкритовского сельского округа сладкие подарки.
05.06.2025 07:52
Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйінде халық театрының ұсынуымен Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ақын тағдыры» атты реквием-спектакль қойылды.
05.06.2025 07:51
Жительница сельского округа Байшуқ Ижбульдина Раиса Маликовна известна всем как активный участник всех мероприятий села, района и области. Она благодарна...
05.06.2025 07:50
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Тобыл кентінде балаларға мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл күн балғындарға қуаныш сыйлап, естен...
05.06.2025 07:49
1 июня центральная площадь с. Айет превратилась в настоящий остров радости - с яркими красками, звонким смехом и детским восторгом....
05.06.2025 07:48
4 июня отмечается День государственных символов. Этот праздник посвящен Дню утверждения флага, герба и гимна Республики Казахстан.
05.06.2025 07:46
Церемония награждения победителей и призеров международных научных, спортивных и творческих состязаний «Ты лучший!» состоялась 1 июня в SMART-центре IQostanay. Лучшие...
05.06.2025 07:44
Бахыт Байканова, сотрудник МРЦ:Районная газета - вестник родных мест: узнаю новости, читаю о людях нашего района. Особенно нравятся материалы о...
05.06.2025 07:42
Есжанов Талғат Амантайұлы – теміржолшы, Тобыл теміржол байланысы бөлімінің бастығы: Өз өңірінің жаңалықтарынан үнемі хабардар болғысы келетін оқырмандар үшін газет –...
05.06.2025 07:40
31 мая – День памяти жертв политических репрессий и голода. Эта дата в нашей стране отмечается с 1997 года. В...
05.06.2025 07:39
28 мая 2025 года в акимате района Беимбета Майлина состоялось подписание меморандума о сотрудничестве с ТОО «TULPAR RAIL TECHNOLOGIES» (г....