Ұрпаққа қалған мұрамызбен танысты

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_48_48-2018_2.JPGӨткен аптада аудандық тарихи-өлкетану музейінде жазушы, драматург Б.Майлиннің құрметіне арналған тақырыптық іс-шара ұйымдастырылды. «Ұрпаққа қалған мұра» атты танымдық сағат осы жолы ерекше өтті.


Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана», - деген болатын. Осы орайда, ұлттық болмысымызды сақтап, қазақ әдебиетін қалаушы жандардың есімдерін жаңғыртып, ұшан-теңіз еңбектерін ұрпаққа насихаттау үшін жергілікті музей өнегесі мол жақсы іс-шара ұйымдастырды.
Би ағаның өмірі мен шығармашылығы өнегесі мол, әлі ашылмаған тылсым дүние. Кеш жүргізушілері оның өмірбаянына, балалық шағына саяхат жасап, іс-шараны баяндама ретінде емес, Б.Майлин атындағы мектептің қатысушыларын қызықтыру мақсатымен әр қатысушыға ұлы жерлесіміздің шығармаларын оқып беруге мүмкіндік берді. Мысалы, ұйымдастырушылар Бейімбеттің алғашқы өлеңдерінің жазылу тарихына шолу жасап, сол кезеңнің атмосферасына үңілу үшін әңгіменің арқауы болған Би ағаның образын сомдауға шақырған оқушылардың біріне шапан, басына тымақ кигізіп, үстел басындағы жағылған майшамның алдында ойға батырарлық мазмұнды өлең шумақтарын оқып берді. Шыны керек, суреттелген шығармашылық тәсілдеме залда отырғандарға әсер қалдырмай қоймады. Танымдық, әрі тартымды кеш барысында өзге оқушылар да көпшіліктің алдында Бейімбеттің өлеңдерін оқи отырып, қауымның назарын өздеріне аудара білді.
Арнайы шақырылған мектеп оқушылары өңіріміздің мақтанышы, есімі үлкен әріппен жазылатын жерлесіміздің музейдегі бұрышын тамашалай отырып, оның отбасымен, құнды жазбаларымен, тарихи фотосуреттерімен танысты. Сондай-ақ, дәл осы іс-шара барысында аудандық музей қызметкерлері осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жақында ғана аталып өтілген Ұлттық валюта күнінің маңыздылығына тоқталумен қатар, шығу тарихын тілге тиек етіп, көрмелерін көрсетті.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане