- Подробности
-
Категория: №6 (10326) от 8 февраля 2018 года
-
Создано 08.02.2018 06:34
-
Просмотров: 3429
2018 жылдан бастап тұрғындар саны 2 мыңнан асатын ауылдардың өз бюджеті болады. Бұл бағыттағы жұмыс Тобыл елді-мекенінде 2013 жылдан жүргізіліп жатыр екен.
Елбасы Ұлт жоспарының 98-қадамында «селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу» міндетін қойған болатын. Енді заңға сәйкес ауылдың өз бюджеті болады. Бұл дегеніміз - ауылдың дербес шоты ашылып, ол арқылы мәдениет үйі, кітапхана, мектеп жанындағы шағын орталық т.б. ұйымдардың жұмыстарын үйлестіру бағытындағы жұмыстар дербес шот негізінде жүзеге асады. Сонымен қатар, бұл дербес шотқа айыппұлдардан түскен, коммуналдық нысандарды жалға берген уақытта түсетін қаржы және бюджеттен тыс, бюджеттен тыс емес кәсіпкерлердің тарапынан түсетін қаражаттарды аударып отырады. Сосын қаржыны әрі қарай игеруі бар. Ауыл бюджетін игеру қауымдастық мүшелерімен ақылдаса отырып шешіледі. Тобыл ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысы 28 қатысушыдан тұрады. Олар ауылға ең алдымен не қажет екендігін, мәселен, көгалдандыру ма, әлде ауылдың ішінен сәулеті мен келбеті жарасқан ғимарат немесе демалыс саябағын жасаймыз ба деген мәселелерді кезегімен шеше алатынын атап өту керек.
Биыл Тобыл әкімінің аппаратының шотына 115229,0 мың теңге қаражат түседі деп жоспарлануда. Бұл сома ауылдық аппаратты ұстауға, елді-мекенді көріктендіруге және көгалдандыруға, мысалы, ескі үйлерді бұзу және шығаруға, түрлі көшеттерді сатып алуға, күтуге, Жаңа жыл қарсаңында безендіруге, баннерлер сатып алуға жұмсалады. Сонымен қатар, ауылдық бюджет көшелерді жарықтандыру, автокөлік жолдарын жөндеу және т.б. мәселелерді шешу үшін игеріледі деп күтілуде.