Тәжірибемен бөліскен маңызды

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_3_3-2019_8.jpgТ. Бегельдинов атындағы «Жас Ұлан» әскери мектеп интернатының тәлімгері бірқатар тарандық оқушылармен кездесу өткізді 
Таран, Май орта мектептері базасында кәсіптік бағдар бойынша 9-11 сынып оқушыларымен жұмыс жүргізілді. Аталмыш іс-шараға мұрындық болған “УМIТ-2050” қоғамдық қорының қызметкерлері.


Рустам Нуриддинов - Набережный орта мектебінің түлегі. Бүгінде ол Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бегелдинов атындағы «Жас Ұлан» Қарағанды әскери мектеп-интернатының курсанты. Кіші сержант Нуриддинов өзі оқып жатқан оқу орны, оқу процесі туралы және осы мекемені аяқтаған соң курсанттың қандай мүмкіндіктері бар екенін болашақ түлектерге айтып берді. Сонымен қатар, Рустам 11- сыныптан кейін қайда оқуға түсуге болатынын әңгімелеп берді, барлық оқу және жұмыс кезеңінде мекеменің курсанттарын, қызметкерлерін мемлекет қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызметтің аяқталуы міндетті емес, ал, оқу мерзімі - 2 жыл.
Кездесу барысында Қостанай педагогикалық колледжінің студенті Диана Нұрманова мұғалімдердің жұмысы мен 9 -сыныптан кейінгі оқудың артықшылықтары туралы баяндады.
Орта мектептегі оқушылармен осындай жұмыс әр оқу жылында жиі өткізілетін болады, өйткені біздің болашағымыз біз үшін өте маңызды, - дейді «Үміт-2050» қоғамдық қорының директоры Еркін Назаров.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане