Осы аптада бәріміз асыға күтетін Қозы Көрпеш – Баян Сұлу, яғни ғашықтар күні есігімізді қаққалы жатыр. Бағзы заманнан бері махаббат сезіміне өртенбеген жан баласы кем де кем шығар. Әр дәуірдің өзінің Қозысы мен Баяны болады десек артық айтқанымыз болмас. Бұл екі ғашықтың есімдері тарих беттерінде алтын әріппен жазылса, бүгінгі кейіпкерлеріміз Махаббат пен Бақытжанның есімдері Баймағамбетовтар әулетіндегі өнегелі отбасылардың бірі болып табылатынына күмән жоқ.
«Бақытты отбасын құру екі-ақ адамның қолынан келеді. Ол үшін екеуі де парасатты, әр ісіне адал, ағайын-туғанға қайырымды, бір-біріне бауырмал, сыйлы болуы керек. 1993 жылы отауымызға келін болып түскен Махаббат алғашқы күндерінен-ақ бізге ғана емес, ата-енесіне де сыйлы болды. Бақытжан отбасымыздың жалғызы, әрі кенжесі, Махаббат тым жас болғанымен, олар жаңа бір шаңырақтың отын тұтатып, Байдрахман әкеміз бен Жұмаш анамызға қамқор бола білді. Кемпір мен шалдың қолында болған жастар өздеріне жүктелген жауапкершіліктің зор екенін түсінді. «Қайын ененің топырағынан» деп тегін айтылмаса керек. Бұл сөздің мәнін кезінде елеп-ескермеп едік. «Тастай батып, судай сіңген» келініміздің мінезінің анамызға тартқанын бауырларым да растайды», - дейді Бақытжанның апасы Балсары Қарымсақова. Қазағымыз «келіні жақсының керегесі алтын» деуші еді ғой. Рас екен. Жолдасының апалары мен жезделерін, жиендерін, туысқандарын әрдайым күлімсіреп қарсы алатын Махаббат пен қайын жұртына жанашыр күйеу бала бола білген Бақытжанның есігі әрқашан да ашық. «Жалғыз нағашымызбен қалжыңдассақ та, жеңгемізге еркелесек те, олардың орны біз үшін ерекше», - дейді отағасының жиендері.
Бақытжан мен Махаббаттың шаңырақ көтергеніне де биыл 25 жыл болады екен. Менменсімейтін жандардың бірі болып табылатын жандардың ойынша, баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне берекелі, ынтымақты жанұяның ықпалы мол. Сондықтан, «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген қағиданы ұстанатын жұбымыз қызы Күнсұлу мен ұлы Бейімбеттің тәрбиесіне аса мән беретінін алға тартады. Шаңырағы биік, босағасы берік Баймағамбетовтар отбасының мүшелері барша тарандықтардай таң атса, бірі - қызметіне, бірі - оқуына, кеш батса, үйіне асығады. Әр кеш сайын, сағынып кездескендей, шүйіркелесіп жатқаны. Тәңіріміз сіздерді осы бақытты күндерден айырмасын. Ғашықтарды пәк сезіммен нұр сепкен мерекесінің қарсаңында Бақытжан мен Махаббатты күміс тойымен құттықтауға рұқсат етіңіздер!
26.03.2026 15:23

22 марта центральная площадь с. Әйет наполнилась музыкой, смехом и ароматом свежих баурсаков. Здесь широко и по-весеннему отметили Наурыз мейрамы.Праздник...
26.03.2026 15:22

В целях повышения правовой грамотности населения и обеспечения доступности юридической помощи для граждан в районном центре состоялась акция «Правовая юрта»...
26.03.2026 15:20

2026 год является особенным: мы отмечаем 90-летие с момента образования нашего района. Впору вспомнить о людях, которые трудились на этой...
26.03.2026 15:19

С наступлением весны в каждом уголке нашего района с особым размахом и душевным теплом отметили один из самых значимых и...
26.03.2026 15:18

Новоильин ауылында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен тойланды.Ауыл тұрғындары мен қонақтар бір алаңға жиналып, көктемнің шуақты мерекесін...
26.03.2026 15:18

Павлов ауылдық округінде көктем мен жаңарудың жаршысы - Наурыз мейрамы кең көлемде әрі салтанатты түрде аталып өтті.Бұл айтулы мереке округ...
26.03.2026 15:17

Тобыл кентінде Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Тобыл кентінде көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатымен тойланды.Ұлттық дәстүр...
26.03.2026 15:16

Каждый год 1 апреля мир наполняется улыбками, шутками и добрым розыгрышем. Всемирный день смеха - это не просто дата в...
26.03.2026 15:15

Разиля Шунгурбаева, жительница села Красносельское От имени башкирского национального центра сердечно поздравляю вас с замечательным весенним праздником — Наурыз мейрамы! Этот древний...
26.03.2026 15:14

В районном Доме культуры имени Елубая Умурзакова состоялся яркий и долгожданный конкурс красоты и таланта «Көктем аруы – 2026», объединивший...
26.03.2026 15:13

20 наурыз күні аудан орталық мешітінде Ораза айт мерекесіне орай арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Мерекелік жиынға ауыл тұрғындары мен қонақтар...
26.03.2026 15:12

С 16 по 17 марта 2026 года в городе Костанай на базе общеобразовательной школы №31 прошёл областной этап Национальной школьной...
19.03.2026 12:59

В нашей стране состоялось исторически значимое и важное событие - референдум, который стал важной вехой в развитии государства. Жители нашего...
19.03.2026 12:57

15 наурыз күні Тобыл кентінде маңызды қоғамдық-саяси оқиға – референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, 4 сайлау учаскесінде өтті. Бұл күні кент...
19.03.2026 12:56

12 марта в Астане прошел республиканский форум депутатов всех уровней с участием главы государства К.Токаева. В работе форума приняли участие...
19.03.2026 12:55

В священный месяц Рамазан, время милосердия, сострадания и добрых поступков, особенно важно поддерживать тех, кто нуждается в помощи и внимании....
19.03.2026 12:55

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік жыл психологі» республикалық конкурсында №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы...
19.03.2026 12:52

В Астане прошли национальные зимние инклюзивные игры «Жұлдызай», собравшие около 150 юных спортсменов в возрасте от 10 до 16 лет....