Тіл үйренушілер белсенділік танытты

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_9_9-5-2018.jpgӨткен аптада аудандық тілдерді оқыту орталығының Май ауылындағы мемлекеттік тілді үйренуші Қарапайым деңгей А1 тобында Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру аясында «Латын әліпбиі – болашақтың кепілі» атты ашық шеберлік сабағы өткізілді.

Сабақтың негізгі мақсаты - латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мәлімет беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Тыңдаушылардың көзқарастарына сүйене отырып, латын әліпбиіне көшу туралы бағытты айқын көрсету, дұрыс бағыт – бағдар беру. Латын әліпбиінің қажеттілігі мен кемшіліктеріне тоқталу. Латын әліпбиіне көшудің алғашқы қадамдарын жасау. Латын әліпбиін меңгеруге шақыру. Рухани жаңғыру, латын әліпбиіне көшу - табысты ел болуымыздың кепілі екенін ұғындыру болды.

Сабаққа барлығы 17 тыңдаушы қатысты. Тыңдаушылардың барлығы дерлік өзге ұлт өкілдері. Тіл үйренушілер сабақ барысында белсенділігімен, тапқырлығымен, ұйымшылдығымен, білімділігімен ерекшелене білді. Интербелсенді тақта, түрлі көрнекі құралдар көмегімен бірнеше деңгейлі тапсырмаларды орындап, өз ой – пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, топтық, жұптық, жеке – дара жұмыстар жасалды. «Көңілді әуен» айдарында барлық тыңдаушылар мемлекеттік тілде «Атамекен» әнін орындады. Өз есімдерін, мақал – мәтелдерді, берілген сөздерді латын әліпбиімен жазып, оқып үйренді. Іс – шара соңында тыңдаушылар арасында «Қазақша сөйлейік!» жұптық ойыны ойнатылып, қазақ халқының ұлттық ойыны «Сақина салу» ұйымдастырылды. Қатысушылардың барлығы көтеріңкі көңіл – күймен, өз алғыстарын білдіріп, қимастықпен тарасты. Келешелекте осындай айтулы іс – шаралар жалғасын табады деген сенімдемін.

 


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане