Республикалық деңгейде Қазтест пен жалпы облыстық диктант өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_12_12-2019-3.jpgҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасындағы азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың бірден-бір құралы-ҚАЗТЕСТ жүйесі жүйелі өзгерістерге ұшырап, қайта жаңартылуда.


Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ағымдағы жылдың 13 наурызы күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы өкілдерінің қатысуымен Таран ауданында «ҚазТест» жүйесі бойынша қазақ тілін білу деңгейін анықтау мақсатында мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік саланың қызметкерлері арасында диагностикалық тестілеу өткізілді. Қазтест жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуге аудан бойынша 86 қызметкер қатысты.
Қостанай облысы әкімі 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №549 өкімімен бекітілген «Қостанай облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарының» 74 тармағына сәйкес ағымдағы жылдың 13 наурызында «Таран ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ базасында Латын негізінде қазақ тілі әліпбиінің жаңа емле ережелерін практикалық тұрғыда меңгеру мақсатында жалпыоблыстық диктант өтті. Аталған іс- шараға аудан бойынша мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік қызмет ұсынатын ұйымдардың қызметкерлері, колледж студенттері, қазақ тілі мұғалімдері мен 9-11 сынып оқушылары және балабақша тәрбиешілері қатысты. Барлығы 420 адам атсалысты. «Өте жақсы» деген бағаға мемлекттік қызметшілер арасында 5, мемлекеттік қызмет ұсынатын ұйымдардың қызметкерлерінен - 8,9-11 сынып оқушыларынан - 68 бала, қазақ тілі мұғалімдерінен - 35 адам, балабақша тәрбиешілерінен - 4 адам жазды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане