«Тіл шамшырақтары»

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың!
Конкурстың негізгі мақсаты -тілге бейімі бар дарынды оқушыларды қолдау, көп тілді меңгерген жеке тұлғаның қазақ тілінде мәдени ортада қарым-қатынас жасауына ықпал етуін қалыптастыру.Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.
2019 жылдың 13 наурыз күні «Красносельск орта мектебі» КММ-де «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданымыздың 4-7 сынып оқушылары арасында өзге ұлт өкілді оқушылары арасында «Тіл шамшырақтары» сайысы өтті. Сайыс барысында оқушылар өздерінің білімін, қабілеттері мен тапқырлықтарын көрсете білді. Сайыс екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар әртүрлі тақырыптарда эссе жазды. Бірінші кезең қорытындысы бойынша «жүзден тұлпар, мыңнан жүйрік» оқушылар анықталып, екінші кезеңге өтті. Бұл кезеңде қатысушыларға алуан бағытта тапсырмалар берілді.
Жүйріктеріміз мейірімді қылықтарымен көрініп, өз білімдерін көрсетіп, әділқазы қауымының көңілдерінен шыға білді. Сайыс қорытындысы бойынша 4-5 сынып аралығындағы оқушылар жүлделі орындарға ие болды. Сайыс соңында ұйымдастырушылардың тарапынан қатысушыларға жылы лебіздер айтылды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін жастар саны артады деген ойдамыз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане