- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 02.02.2023 06:53
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 295

25 қаңтарда Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кентіндегі теміржол вокзалында мұсылман жолаушыларға арналған намазхана ашылды.
Бұл вокзал ішінде арнайы намаз бөлмесі құрылған алғашқы бөлме. Игі істің бастамашылары теміржол станция басшылары мен ауданның бас имамы болды. Ашылу салтанатында Рудный қаласының бас имамы Сабыржан Зейнелгабиденұлы, Тобыл кентінің әкімі Аманжол Есмағамбетов және ауыл ақсақалдары болды.
- Осындай үлкен станцияларда және адамдар көп жиналатын жерлерде намазхана болғаны дұрыс. Намазхананың ашылуына демеушілік жасаған тұрғындарға Алла разы болсын,- деді ауданның бас имамы Ислам Хамзин.
Бұған дейін мұндай намаз бөлмелері Қостанай вокзалы мен «Қостанай плаза» сауды орталығында ашылған еді. Мұсылмандарға бес уақыт намазын қаза қылуға болмайтыны белгілі. Олардың әрқайсысының міндетті уақыты бар. Намазхана діни парыздарын орындаушыларға лайықты орын болды.