Жақсы маман жұмыссыз қалмайды

Жастар практикасы - арнаулы және жоғарғы оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамту мәселелерін шешудегі бірден-бір жол. Оқу орындарының түлектерін еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы бағдарлама жұмыспен қамту органдарымен бірлесіп, жұмыс жасайды. Ауданымызда осы бағдарлама бойынша бір айдың ішінде он адам жұмысқа орналасыпты.


Ел аумағындағы жүзеге асып жатқан «Жастар практикасының» игілігін Аймекен Сахан мен Әйгерім Берік те көріп жүр. Рудный әлеуметтік гуманитарлық колледжін тәмамдаған қыздар біздің өңіріміздегі жұмыспен қамту орталығына барған еді, оларға бірден аудандық әкімдікте жұмыс істеуге ұсыныс жасалды. Тұрақты жұмысқа орналасу үшін «Жастар практикасына» жүгінген жас мамандардың айтуынша, алғашқы жұмыс орны болғандықтан, үлкен қобалжу болды. «Іскер адамдардың ортасында жұмыс істегендіктен, өмірге деген көзқарас та өзгереді екен. Бір айдың ішінде іс-қағаздармен жұмыс істеуді де үйрендік, алдағы бес айдың ішінде әлі де білімімізді де толықтырамыз деген ойдамыз. Қазіргі жалақымыз жаман емес. Десек те, мүмкіндік болса, мамандығымыз бойынша мұғалім болып жұмыс істейтінімізді жасырмаймыз», - дейді Аймекен мен Әйгерім.
Жергілікті жұмыспен қамту орталығының мәліметіне сүйенсек, жылдың аяғына дейін бағдарлама бойынша жұмыспен қамту жұмысы жалғасын табатын болады. Өз ісін жақсы меңгерген, бойында бауырқанған күші бар жастарға жұмыс әрқашан да табылады. Бастысы, олар өздерінің іс-әрекеттерімен, талпынысымен көзге түсуі тиіс. Жақсы маманның жұмыссыз қалмайтыны бесенеден белгілі емес пе? Тәжірибесі жоқ түлектерге зор мүмкіндік беретін «Жастар практикасы» ел азаматтарының келешегі үшін жасалған қамқорлық екендігін ескерсеңіз болғаны.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане