Ант қабылдағандардың қатары толықты

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_35_35-2018-6.JPGӨрт сөндіру сынды жауапты да, қатерлі қызметте жүрген №7 өрт сөндіру бөлімінің ұжым мүшелерінің еңбегі қай жақтан болса да құрметке лайық. Өмір мен өлімнің арасында жүріп, ел үшін ерен еңбек сіңіріп жүрген азаматтар мақтан етуге тұрарлық. Ал, өжеттілердің қатарын толықтырып, салтанатты түрде ант қабылдау - нағыз азамат үшін абырой.


Өрт сөндіру және құтқару мамандығының қызметкері болу - жауапты, әрі қауіпті іс. Өрт сөндіру бөлімінде жаңа қызметке өту үшін салтанатты түрде ант қабылдайды. Осы орайда, қалыптасқан дәстүр бойынша бөлім басшысы Дмитрий Жданов жақында ғана ұжымның, қонақтардың қатысуымен өткен ант қабылдау рәсімінде сөз алып, еңбегі қай жақтан болса да құрметке лайық ұжым мүшелері үшін атаулы күннің маңыздылығын тілге тиек етті. Ал, салтанатты түрде азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің қатарын толықтырған қатардағы Арман Аманбаев көпшіліктің алдында ант қабылдады. Ол да ұжымның өзге мүшелері сияқты өзіне жүктелген құрметті және жауапты міндеттемелерді адал, әрі жауапкершілікпен атқарады деген сенімдеміз.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане