Мұғалім - адам өміріндегі ең құрметті әрі жауапты мамандық иесі.
Ол тек білім беріп қана қоймай, жас ұрпақты тәрбиелейді, өмірге жол сілтейді. Ұстаз - оқушы бойына жақсы қасиеттерді дарытып, тұлға болып қалыптасуына зор ықпал ететін тұлға. Қай заманда болсын, мұғалімнің мәртебесі биік болған. Ел болашағы саналатын жастардың сана-сезімі, дүниетанымы мен адамгершілік қасиеттері - бәрі ұстаздан алған тәлім-тәрбиеге байланысты қалыптасады. Осы себепті де қазақ халқы "Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы" деп бекер айтпаған. Мұғалімнің еңбегі - көзге көрінбейтін, бірақ қоғамға аса қажет, өлшеусіз еңбек. Әр шәкіртінің жетістігі - оның ерен еңбегінің жемісі. Мұғалім өз пәнін жетік меңгеріп қана қоймай, оқушы психологиясын, олардың қызығушылығы мен қабілетін жақсы түсіне білуі керек. Сонымен қатар, заманауи білім беру технологияларын меңгеріп, үнемі ізденіс үстінде жүруі - уақыт талабы. Бүгінде мұғалімге артылар жүк ауыр. Жаңа білімге бейімделу, ақпараттық технологияларды игеру, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау - бұның бәрі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты.
Мұғалім – мәңгілік нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын адам. Осы бір ұлы міндетті абыроймен атқарып жүрген ұстаздардың бірі – бастауыш сынып мұғалімі Хайрат Айнагул «№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі. Хайрат Айнагул– өз ісіне шынайы берілген, шәкірттеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат еткен білікті маман. Оның басты ұстанымы – «Әр бала – бір әлем» қағидасы. Ол әр оқушының бойындағы қабілетті дамытып, оларды білімге деген сүйіспеншілікке баулиды. Көп жылғы тәжірибесінде бастауыш сынып оқушыларының білімге деген ынтасын арттыру үшін түрлі жаңашыл әдістерді қолданып келеді. Сабақ барысында ойын элементтерін, интерактивті технологияларды, шығармашылық тапсырмаларды пайдаланып, әр баланың жеке дамуына ықпал етеді. Айнагул апайдың тәрбиелеген оқушылары тек білімді ғана емес, сонымен қатар адамгершілігі мол, ізгі қасиеттерге ие болып өсуде. Оның әр сабағы – бала үшін жаңа әлемнің есігін ашу. Ұстаздың мейірімділігі мен жанашырлығы әр оқушының өзіне деген сенімін нығайтып, үлкен жетістіктерге жетуге ықпал етеді.
- Мұғалім - қоғамның рухани көшбасшысы. Оның еңбегі - еліміздің ертеңгі кемел болашағына салынған берік негіз. Мұғалім болу – жай ғана мамандық емес, бұл - жүрек қалауымен таңдалатын ұлы жол. Мен өз оқушыларыма үнемі сенемін. Олар бүгін бала болса да, ертең қоғамның түрлі салаларында еңбек ететін, елдің жүгін көтеретін азаматтар болады. Сол себепті мен оларды тек оқытып қана қоймай, оларға адамгершілік, мейірімділік, жауапкершілік секілді қасиеттерді дарытуға тырысамын. Ұстаз үшін ең үлкен бақыт – шәкіртінің жетістігі. Ол оқу озаты болса да, жақсы адам болса да – бұл мен үшін үлкен марапат. Себебі менің еңбегімнің жемісі солардың жүріс-тұрысынан, сөйлеуінен, адамгершілік әрекеттерінен көрінеді. Оқушылар - менің шабыт көзім. Олармен бірге мен де дамимын, үйренемін, өмірдің шынайы мәнін ұғынамын. Ұстаз бен оқушы арасындағы байланыс – жүректен жүрекке жол тартқан сенім мен мейірім көпірі.
Мектеп - білім мен тәрбие ордасы болса, мұғалім - сол орданың жүрегі. Қай кезеңде болмасын елдің дамуы, өркендеуі ұстаздың еңбегімен тікелей байланысты болған. Ұлт болашағын тәрбиелеу - үлкен жауапкершілік. Осы жолда тынымсыз еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз - қоғамның шынайы батырлары. Бүгінгі заман мұғалімге үлкен талап қояды. Ол үнемі дамып, жаңалықтан қалмай, шығармашылықпен жұмыс істеуі қажет. Мұғалім болу - мәртебе. Мұғалім болу – мақтаныш. Ал шәкірт жүрегінен орын алу – ол нағыз ұстазға берілген баға.
05.06.2025 12:08
В канун Дня защиты детей АО «Варваринское» организовало для ребят праздник и подарило детворе Асенкритовского сельского округа сладкие подарки.
05.06.2025 07:52
Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйінде халық театрының ұсынуымен Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ақын тағдыры» атты реквием-спектакль қойылды.
05.06.2025 07:51
Жительница сельского округа Байшуқ Ижбульдина Раиса Маликовна известна всем как активный участник всех мероприятий села, района и области. Она благодарна...
05.06.2025 07:50
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Тобыл кентінде балаларға мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл күн балғындарға қуаныш сыйлап, естен...
05.06.2025 07:49
1 июня центральная площадь с. Айет превратилась в настоящий остров радости - с яркими красками, звонким смехом и детским восторгом....
05.06.2025 07:48
4 июня отмечается День государственных символов. Этот праздник посвящен Дню утверждения флага, герба и гимна Республики Казахстан.
05.06.2025 07:46
Церемония награждения победителей и призеров международных научных, спортивных и творческих состязаний «Ты лучший!» состоялась 1 июня в SMART-центре IQostanay. Лучшие...
05.06.2025 07:44
Бахыт Байканова, сотрудник МРЦ:Районная газета - вестник родных мест: узнаю новости, читаю о людях нашего района. Особенно нравятся материалы о...
05.06.2025 07:42
Есжанов Талғат Амантайұлы – теміржолшы, Тобыл теміржол байланысы бөлімінің бастығы: Өз өңірінің жаңалықтарынан үнемі хабардар болғысы келетін оқырмандар үшін газет –...
05.06.2025 07:40
31 мая – День памяти жертв политических репрессий и голода. Эта дата в нашей стране отмечается с 1997 года. В...
05.06.2025 07:39
28 мая 2025 года в акимате района Беимбета Майлина состоялось подписание меморандума о сотрудничестве с ТОО «TULPAR RAIL TECHNOLOGIES» (г....
04.06.2025 10:11
С целью разъяснительной работы на тему «Сохранение и укрепление межэтнического и межконфессионального согласия 30 мая 2025 года в нашем районе...
29.05.2025 09:48
В рамках реализации государственных программ, оказания консультативно-правовой помощи и реализации программ, направленных на решение вопросов по поступлению на государственную службу...
29.05.2025 09:46
1930–1950 жылдар аралығында сталиндік қуғын-сүргін қазақстандықтардың тағдырына ауыр соққы болып тиді.Бұл нәубет мыңдаған жазықсыз адамдарды ғана емес, олардың ұрпақтарын да...
29.05.2025 09:45
Ежегодно 31 мая в Казахстане отмечают День памяти жертв политических репрессий. Это день памяти невинно погибших в эпоху сталинского режима...
29.05.2025 09:43
Тобыл кенті мектептерінде соңғы қоңырау салтанаты өтті. Бұл күн жас түлектер үшін мектептегі соңғы сабақты аяқтап, жаңа өмірге қадам басатын...
29.05.2025 09:42
23 мая во дворе общеобразовательной школы имени Беимбета Майлина прозвенел последний звонок для учеников 9-х и 11-х классов. Волнующее и...
29.05.2025 09:41
23 мамыр күні, оқу жылының аяқталуына орай 9 -11 сыныптардың қатысуымен «Мектебім, саған мың алғыс» тақырыбында тәлім сәт өтті.2025 жыл...