Көктемгі дайындық
– механизатор еңбегі
- Көктем – табиғаттың ғана емес, ауыл шаруашылығы үшін де жаңару мен жаңа бастамалар мезгілі. Бұл – диқандар мен механизаторлар үшін ерекше қарбалас кезең. Себебі, көктемгі дала жұмыстарының сапалы әрі уақытылы жүргізілуі – болашақ өнімнің кепілі. Механизатор – ауыл шаруашылығының жүрегі. Олар таңмен таласа тұрып, жер жыртып, тұқым себуге, техниканы жөндеуге, дала жұмыстарына қызу кіріседі. Тракторлар мен тұқым сепкіштер, культиваторлар – барлығы механизатордың ерен еңбегінің арқасында іске қосылады. Бұл кезеңде техника сапасы мен дайындық деңгейі өте маңызды. Сондықтан көктемгі егіс науқанына дейін барлық ауыл шаруашылығы техникалары толық тексеріліп, жөндеуден өткізіледі.
Приозерный ауылының тұрғыны Панченко Владимир Викторович – ауыл шаруашылығында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп келе жатқан білікті механизатор. Ол техника тізгінін ұстағанына 25 жылдан асты. Егіс даласындағы әрбір маусым – оның қажырлы еңбегінің айғағы. Механизатор жастайынан техникаға деген қызығушылығын кәсіби деңгейге жеткізген. Ол «Аксай-Агро» жеке шаруа қожалығында еңбек етіп, түрлі тракторларды меңгерген. Қазіргі таңда заманауи техниканы басқарып, егін себу науқанында белсенді жұмыс атқаруда. Владимир Викторович айтуынша, механизатордың жұмысы таңмен таласып басталып, кешке дейін тынымсыз өтеді. Олар егістікті қоректендіру, жер жырту, күнбағыс, лен, астық себу жинау сияқты жұмыстарды атқарып, ауыл шаруашылығына сүбелі үлес қосады. Владимир Викторович – отбасының тірегі, жұбайы Туленбаева Асемгуль Амантайқызымен бақытты отбасы. Қыздары Виктория Қостанай қаласындағы жоғарғы техникалық колледжінде бухгалтерлік мамандықта оқуда.
- «Техника мен жер – менің өмірімнің бір бөлшегі. Ал отбасы – менің тірегім», – дейді механизатор Владимир Викторович. Ия, механизаторлар табиғатпен үндесіп, күннің райына қарамай жұмыс істейтін нағыз еңбек майталмандары. Олардың маңдай тері мен қажырлы еңбегі – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Көктемгі дала жұмыстары – үлкен жауапкершілік пен ұйымшылдықты талап ететін кезең. Ал бұл іске бел шешіп кірісетін механизаторлардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.
Ауылдық
медициналық
пункт – халық
денсаулығының
тірегі
Ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау мен жақсартуда медициналық пункттердің маңызы зор. Олар шалғай елді мекендердегі алғашқы медициналық көмекті дер кезінде көрсетіп, аурулардың алдын алу мен тұрғындарды бақылауда маңызды рөл атқарады.
Біздің ауылдағы медициналық пункт – жергілікті халық үшін үлкен көмек. Мұнда тәжірибелі медбике Лисица Людмила Васильевна және балалар медбикесі Артёмчик Лариса Николаевна күнделікті жұмысын адал атқарып, алғашқы көмек көрсетіп, тұрғындар мен балалардың денсаулығын тексеріп отырады. Қан қысымын өлшеу, екпе жүргізу, алғашқы медициналық кеңес беру сынды қызметтер де осы жерде жүзеге асырылады. Медициналық пунктте санитарлық талаптарға сай бөлмелер, алғашқы көмек көрсетуге қажетті құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер бар. Сонымен қатар, жедел жағдайда аудандық ауруханаға жолдама беру тәртібі де жолға қойылған.
Ауылдық медициналық пункт – ел игілігіне қызмет етіп отырған маңызды мекеме. Оның жұмысы – тұрғындарды қанағаттардырып отыр.
Ауылдың
бастауыш мектебі
Ауылдағы бастауыш мектеп – балалық шақтың естен кетпес кезеңі, алғашқы білім мен тәрбиенің негізі қаланатын қасиетті шаңырақ. Шағын болса да, ауыл мектебі –талай шәкіртке сапалы білім мен саналы тәрбие берген білім ордасы. Мұнда балалар алғашқы әріп танып, санауды, оқуды, жазуды үйреніп, өмірге жолдама алады. Тәжірибелі ұстаздар Нурмухамбетова Наталья Орамбаевна, Амирова Ляззат Муталяповна, Нурмухамбетова Марина Викторовна, Шерер Надежда Владимировна оқушыларға мейіріммен қарап, әр баланың бойындағы қабілетін ашуға тырысады. Мектепте оқуға даярлық және бастауыш сыныптарға арналған жайлы сынып бөлмелері, оқу құралдары, кітапхана және балалардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған. Мәдени демалыс орталығы да осы мектепте орналасқан. Мерекелік іс шаралар бірге ұйымдастырылады. Мұғалімдер оқу-тәрбие үдерісін заман талабына сай жүргізіп, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасауда. Ата-аналар да мектеппен тығыз байланыста болып, мектептің мәдени, спорттық, тәрбиелік іс-шараларына белсенді қатысады. Мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы ашық қарым-қатынас оқушының мектептегі үлгерімі мен тәртібін бақылауға, қажетті қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Осындай бірлескен жұмыс нәтижесінде оқушыларда жауапкершілік, тәртіп, білімге деген ынта қалыптасады.
Приозерный ауылы – шағын болса да, жүрегі кең, бірлігі бекем, еңбегі ерен адамдардың мекені. Мұндағы әрбір тұрғын – ауылдың тірегі, ауыл – олардың мақтанышы. Осындай тату, берекелі өмір сүріп жатқан ауыл жұртына алғысымыз шексіз. Халқы аман, тіршілігі тату бола берсін!
19.06.2025 14:47
В Астане начался саммит «Центральная Азия – Китай»В Астане проходит важное международное событие – второй саммит «Центральная Азия – Китай»....
19.06.2025 12:39
Домбыра – қазақ халқының ғасырлардан жеткен рухани мұрасы, ұлттың жанын тербеткен киелі аспап. Ал шілденің алғашқы жексенбісінде тойланатын Ұлттық домбыра...
19.06.2025 12:39
11 июня в центре досуга села Красносельское прошел отчетный концерт вокального коллектива «Селяночка», который совпал с его 18-летием. За эти годы...
19.06.2025 12:38
В сферу образования молодой педагог Евгений Степанов пришёл неслучайно.Ещё со школьной скамьи мечтал не просто объяснять, а зажигать интерес, вдохновлять,...
19.06.2025 12:37
В целях реализации государственных программ и акцентирования внимания на точные данные по всей республике стартует Национальная сельскохозяйственная перепись. Национальная сельскохозяйственная...
19.06.2025 12:35
Государственные служащие в Казахстане играют ключевую роль в обеспечении функционирования государства и реализации государственной политики.Они несут ответственность перед обществом и...
19.06.2025 12:34
Зейнет жасына жетіп, құрметті демалысқа шыққан мемлекеттік қызметкер – бұл жылдар бойғы еңбектің, адал қызметтің, халыққа деген шынайы жанашырлықтың көрінісі.Мемлекеттік...
19.06.2025 12:33
23 маусым – елімізде Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.Бұл күн – қоғам тыныштығын күзетіп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіп сақшыларының еңбегіне...
19.06.2025 12:32
В преддверии профессионального праздника - Дня государственного служащего РК - мы продолжаем рассказывать о людях, посвятивших свою жизнь служению народу,...
19.06.2025 12:31
В преддверии профессионального праздника Дня Полиции и прошедшего праздника «Дня ювенальной полиции» следует отметить работу инспекторов полиции, чья работа связана...
19.06.2025 12:30
Поддержать чистоту районного центра – главная задача для всех: руководства района и всех жителей.Продолжаются мероприятия по реализации государственной экологической программе...
19.06.2025 12:26
Маусым айының үшінші жексенбісі – елімізде Әкелер күні ретінде атап өтіледі. Бұл – отбасы ұйытқысы, перзентіне қорған, өмірдің мәні мен...
19.06.2025 12:25
На еженедельной основе с участием акима района Кайсара Муржакупова проходят аппаратные совещания. На прошлой неделе состоялось очередное совещание, на котором...
19.06.2025 12:23
Каждое третье воскресенье июня в Казахстане отмечают День медицинского работника - праздник тех, кто ежедневно стоит на страже здоровья и...
19.06.2025 12:22
Государственная программа развития образования и науки Республики Казахстан направлена на повышение качества образования, модернизацию педагогического образования, обеспечение безопасности и комфорта...
16.06.2025 13:15
Район Беимбета Майлина является приграничным и инвестиционно-привлекательным регионом. Его территория составляет 7,6 тыс. км2, по численности населения район занимает 10...
16.06.2025 13:11
Бейімбет Майлин ауданы шекаралас әрі инвестициялық тұрғыдан тартымды өңір болып табылады. Ауданның аумағы 7,6 мың км², ал халық саны бойынша...
12.06.2025 08:33
В рамках реализации государственной политики по повышению уровня знаний налогового кодекса, воспитания правовой культуры граждан в вопросах защиты средств и...