Қазіргі таңда бүкіл әлемде күрделі әлеуметтік мәселелердің бірі – есірткіге тәуелділік.
Бұл – тек бір адамның емес, бүкіл қоғамның дерті. Есірткіге әуестік жасөспірімдер мен жастар арасында кең таралып барады. Ал оның салдары – денсаулықтың нашарлауы, өмір сапасының төмендеуі, рухани азғындау мен қылмыстық әрекеттерге бару.
Жастар – ел болашағы. Сондықтан олардың дені сау, санасы сергек, өмірге құштар болып өсуі – қоғам алдындағы үлкен міндет. Осы мақсатта Тобыл кентіндегі Мәдениет үйінде, мектептер мен кітапханада «Есірткіге қарсымыз!» тақырыбында жастармен тұрақты түрде кездесу, түсіндіру, ақпараттандыру бағытындағы іс-шаралар өткізіліп келеді. Кезекті іс-шараға мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Шара барысында есірткінің адам ағзасына, психикасына тигізер зияны туралы кеңінен айтылып, нақты деректер мен өмірден алынған мысалдар келтірілді. Іс-шарада жастар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, өз ой-пікірлерін ашық білдірді. Бұл кездесулердің басты мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, оларды зиянды әдеттерден сақтандыру және саналы өмірге үндеу. Мұндай тәрбиелік бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек. Мектептерде медицина қызметкерлері жастарға зиянды әдеттерден аулақ болудың маңызын айтса, ал учаскелік полиция инспекторы есірткіге байланысты құқықтық жауапкершілік туралы баяндап, заң талаптары жайында айтып түсіндіруде. Есірткі – адам ағзасын біртіндеп улайтын, жүйке жүйесін бұзатын, сана-сезімді тұмшалайтын улы зат. Оған үйренген адам өзін толықтай басқара алмайды, тек сол затқа тәуелді болып, шынайы өмірден алыстай бастайды. Тіпті оның салдары өлімге апарып соғуы мүмкін. Қазақстанда да бұл мәселе күн тәртібінен түспей отыр. Мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар қабылданып, алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында есірткіге қарсы іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Полиция мен медицина қызметкерлері, ұстаздар және ата-аналар бірігіп жастарды дұрыс жолға бағыттау үшін тынымсыз еңбек етуде.
Жастарды бұл дерттен сақтау үшін отбасында дұрыс тәрбие беру аса маңызды. Ата-ана баласына уақыт бөліп, оның айналасындағы ортасына көңіл бөліп отырса, түрлі жаман әрекеттердің алдын алуға болады.
Есірткіге қарсы күрес – әр азаматтың міндеті. Әрбір жасөспірім, әрбір жас өзінің болашағына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Себебі бұл өмір – бізге берілген ең үлкен сый. Оны у мен зұлымдықпен емес, біліммен, денсаулықпен, өнермен, адал еңбекпен толтыру – ең дұрыс жол.
03.07.2025 13:32
Жазғы демалыста №2Тобыл жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жұмаділ Арыстан Арманұлы Қазақстанның елордасы – Астана қаласына сапарлады.Бұл сапар оның есінде...
03.07.2025 13:28
Жақында Әнкей Аманжол Нұрболатұлы өзінің інісі Әділ, қарындасы Айару және анасымен бірге еліміздің жүрегі – Астана қаласына саяхаттап қайтты.Бұл сапар...
03.07.2025 13:26
6 июля в Казахстане празднуется День столицы (День Астаны). Этот государственный праздник отмечается ежегодно и посвящен переносу столицы из Алматы...
03.07.2025 12:45
В завершении прошлой недели 27 июня в селе Береговое состоялось по-настоящему важное событие - открытие пожарного поста в рамках республиканской...
03.07.2025 12:40
В конце июня в Казахстане традиционно отмечается День работников средств массовой информации - праздник всех, кто трудится в газетах, на...
03.07.2025 12:26
Глава государства дал старт масштабной правовой акции - «Неделя Закона и Порядка», направленной на повышение правовой культуры населения, укрепление общественного...
03.07.2025 12:22
Соревнования проходили среди электромонтеров распределительных сетей ТОО «ЭПК Forfait», победителей зональных этапов. За право называться лучшей бригадой боролись команды Костанайской...
03.07.2025 12:18
С 12 по 14 июня в городе Костанай состоялись областные соревнования по Летнему Президентскому многоборью. В этом престижном спортивном мероприятии...
03.07.2025 12:16
26 июня во всём мире отмечается Международный день борьбы с наркоманией. Село Айет не осталось в стороне - в этот...
03.07.2025 12:11
Қазіргі таңда бүкіл әлемде күрделі әлеуметтік мәселелердің бірі – есірткіге тәуелділік.Бұл – тек бір адамның емес, бүкіл қоғамның дерті. Есірткіге...
02.07.2025 15:05
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты "құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" Заңға қоғамдық орындарда...
30.06.2025 13:19
В рамках реализации программы « Бір Отан , бір тағдыр , бір болашақ «, направленной на формирование и укрепление ценностей...
26.06.2025 10:12
19 июня на территории поселка Тобол состоялось одно из значимых для экономического развития района событие - старт строительству важного инвестиционного...
26.06.2025 10:10
20 июня в большом зале районного акимата под руководством акима района Кайсара Муржакупова состоялось заседание Межведомственной комиссии по профилактике правонарушений....
26.06.2025 10:08
Тоғызқұмалақтан Қазақ ССР-нің спорт шебері Ә.Айтмағанбетовті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы Қостанай қаласында 15 -18 маусым айының аралағында республикалық турнир...
26.06.2025 10:03
Праздник в честь тех, кто служит государству: концерт ко Дню государственного служащего и Дню полиции прошёл в районном центре 23...
26.06.2025 10:00
С 29 апреля 2025 года вступили в силу изменения в Правила оказания госуслуги «Продление срока аренды земельного участка», утверждённые приказом...
26.06.2025 09:59
С 12 по 15 июня 2025 года в столице нашей республике, городе Астана, прошёл Кубок Мира по грэпплингу и грэпплингу...