Тобыл кентіндегі «Думан» Мәдениет үйінде «Ұлт үні – рухтың сарыны» атты рухани ұлттық нақыштағы Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы, ағартушы, – Мыржақып Дулатұлының туғанына 140 жылдығына арналған тағылымды рухани кеш өтті.
Ел рухын көтерген бұл шарада айтыс, күй тартыс және отбасылық өнер, көркем сөз, дәстүрлі әндер, театрлық көрініс көрсетіліп, жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленді. Кеш барысында алдымен ақындар айтысы өтті. Облыстық және республикалық ақындар айтысының жеңімпаздары, айтыс ақындары мен жыршы- термешілердің Халықаралық Одағының мүшелері Байзақов Медет пен жергілікті ақынымыз Ізтілеу Мамай арасында өткен суырыпсалма өнер сайысы көрермендерді терең ойға жетелеп, Мыржақып бабаның ерлік жолын, Отанға деген сүйіспеншілігін жырға қосты. Олардың өлең жолдарында туған елге деген махаббат пен Алаш ардақтыларына тағзым айқын сезілді.
Келесі кезекте сахнада сол бір шежірелі дәуірден сыр шертетін, ұлттық болмысымызды айшықтайтын дәстүрлі ән орындалды. Сөзі Хамитбек Мұсабаев, әні Нағашыбай Алпыс жазған «Ханшеңгел» дәстүрлі әнді ұлттық әннің шебері, терменің толғаушысы, арнайы келген қонағымыз Абзал Алпыс орындап, көрерменге ерекше әсер қалдырды. Ал, күй тартыс өнерінде домбыраның күмбірімен күйшілер бірінен-бірі асып, ұлттық өнердің тереңдігін танытты. Лисаков қаласынан келген Ергалиев Қайырбек Атшабарұлының шәкірттері Бақытжан мен Айжан Жүнісовтер орындаған күйлер көрермендерден зор қошеметке ие болды. Отбасылық өнерде Кабылдиндер өнерлі отбасының өз өнерлерін ортаға салды. Көркемсөз айтуда М.Дулатұлының өлеңін Ізтілеу Жаңагүл нақышына келтіріп айтты. Көркем сөз-терең ойдың, шынайы сезімнің үні. Әрбір оқылған шумақ, әрбір айтылған жол — жанды тербеді. Елубай Өмірзақов атындағы Мәдениет үйінің күйшісі, жас талант Жарылқасынов Әлібек және Лисаков қаласынан келген күйші, ұстаз Ергалиев Қайырбек орындаған күйлері халқымыздың мұңы мен қуанышын, тарихы мен тағдырын, сырлы әуені мен даланың дауысын жеткізді. Кеш соңында Қостанай облысынан келген ақын, айтыскер Өтелбаева Салтанат, аудандық кітапхана басшысы Искакова Гаухар Жақсылыққызы және Тобыл тұрғыны, ұстаз, ардагер Доданова Шайзада Молдақышқызы рухани кеш туралы пікірлерін айтып, алғыстарын білдірді.
«Думан» Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы ұйымдастырған бұл кеші Мыржақып Дулатұлының рухына арналған үлкен құрмет пен тәрбиелік маңызы зор тағылымды шара болды. Алдағы уақытта «Думан» Мәдениет үйі ұжымы тағылымды кештер арқылы ел тарихын, ұлттың рухани байлығын дәріптеуді жалғастыра бермек.
01.08.2025 07:41
В целях популяризации национальных семейных ценностей и укрепления института семьи в областном центре состоялся семейный конкурс «Семейный марафон в этно...
01.08.2025 07:40
В селе Асенкритовка Асенкритовского сельского округа уже более 30 лет трудится фельдшер с огромным сердцем и неоценимым опытом - Кударова...
01.08.2025 07:38
Қазақ жерінде теміржолдың тартылғанына бір ғасырдан асты.Осы аралықта бұл сала елдің экономикалық дамуымен қатар, халықтың тұрмысын жақсартуға да сүбелі үлес...
01.08.2025 07:37
В Казахстане День железнодорожника отмечается в первое воскресенье августа.Это профессиональный праздник, который объединяет работников железнодорожного транспорта и является официальным праздником...
01.08.2025 07:36
Теміржол – мемлекеттің күре тамыры, экономиканың қозғаушы күші.Осы жолда талмай еңбек етіп жүрген теміржолшылардың еңбегі ерекше құрметке лайық. Жыл сайын...
01.08.2025 07:35
Тобыл кентіндегі «Думан» Мәдениет үйінде «Ұлт үні – рухтың сарыны» атты рухани ұлттық нақыштағы Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы, ағартушы, –...
01.08.2025 07:34
О том, какие изменения произошли в энергосетях района за последние два года, как идет обновление и кто сегодня работает в...
30.07.2025 12:59
В рамках Года Рабочих профессий, продолжаем знакомить с успешными людьми района Беимбета Майлина: Бондарев Евгений Александрович, дежурный электрослесарь по ремонту...
28.07.2025 10:21
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының Интернет-порталы (бұдан әрі-Портал) мына мекенжай бойынша қолжетімді qamqor.gov.kz. Мұнда Сіз полицияға арыз бере...
28.07.2025 10:16
Интернет-портал органов правовой статистики и специальных учетов (далее — Портал) доступен по адресу qamqor.gov.kz. Здесь можно подать заявление в полицию,...
25.07.2025 10:51
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында сіздерді "Варваринское"АҚ табысты жас қызметкерлерімен таныстыруды жалғастырамыз:Жанғаскина Виктория Александровна, "Варваринское" АҚ химиялық талдау зертханашысы.Еңбек жолын АҚ-да...
24.07.2025 12:48
18 июля в акимате района Беимбета Майлина прошла важная стратегическая встреча, объединившая представителей бизнеса, органов государственной власти, финансовых институтов и...
24.07.2025 12:41
Президент подписал новый Налоговый кодексГлавой государства подписан новый Налоговый кодекс и сопутствующий ему Закон «О внесении изменений и дополнений в...
24.07.2025 12:32
В рамках республиканской экологической кампании «Таза Қазақстан» активными темпами ведутся работы по благоустройству и ремонту автодорог в нашем регионе.Инициатива, направленная...
24.07.2025 12:24
В АО «Варваринское» выбрали лучших работников лаборатории технологических исследованийК Дню металлурга в АО «Варваринское» прошел конкурс профессионального мастерства среди работников...
24.07.2025 12:20
20 июля - Международный день шахмат. в Казахстане также проходят мероприятия, посвящённые этому дню. Этот праздник был учрежден Международной шахматной...
23.07.2025 10:17
2023 жылдан бастап менің тапсырмам бойынша ауылдық жолдарды жөндеуге жыл сайын қаржы бөлінуде. Бұл – қала мен ауыл арасындағы өмір...
17.07.2025 09:54
Для сотрудников АО «Варваринское» День металлурга - не просто календарная дата, а символ трудовой гордости, сплочённости коллектива и уважения к...