Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл - ел бірлігінің тірегі» атты аудандық форум ұйымдастырылды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тіл мәдениетін дамыту, түрлі этнос өкілдері арасында қазақ тілін насихаттау және тіл арқылы қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталған шара мазмұнды әрі тағылымды өтті.
Форумға ауданның зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ұстаздар, мәдениет саласының мамандары, жастар және түрлі этнос өкілдері қатысты. Іс-шара барысында қатысушыларға форумның мақсаты мен жұмыс бағдарламасы таныстырылып, тілдің қоғамдағы маңызы кеңінен сөз болды.
Форумның негізгі бөлімінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге арналған тренинг-семинарлар өткізілді. «Көрнекі ақпараттағы мемлекеттік тіл: талаптар мен рәсімдеу тәртібі» тақырыбында мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттарды сауатты әрі талапқа сай рәсімдеу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ «Мемлекеттік тілде ресми құжаттарды әзірлеу мәдениеті» тақырыбында ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің ерекшеліктері мен құжаттарды дұрыс әзірлеу тәртібі түсіндірілді.
Шара аясында түрлі этнос өкілдері арасында «Мен қазақ тілін үйренемін» атты аудандық жобалар байқауы да ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты - қазақ тілін үйренуге ынталандыру, мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттыру және қазақ тілін түрлі ортада кеңінен насихаттау. Қатысушылар өздерінің тіл үйрену тәжірибелері мен шығармашылық жобаларын ұсынып, белсенділіктерін көрсетті.
Форум барысында қазақ тілін үйренуге және насихаттауға бағытталған авторлық жобалар мен бастамалар таныстырылды. Мұндай жобалар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп қана қоймай, қоғамдағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.
Мемлекеттік тіл – елді біріктіретін маңызды құндылықтардың бірі. Тілді құрметтеу - ұлтты, тарихты және мәдениетті құрметтеу. Сондықтан қазақ тілін үйрену мен оны күнделікті өмірде кеңінен қолдану - әр азаматтың ортақ міндеті.
Форумның қорытынды бөлімінде «Бірлік - береке бастауы» этностар фестивалі өтіп, Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған мерекелік концертпен жалғасты. Әртүрлі этнос өкілдері өздерінің ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық киімдері мен өнерін көпшілікке таныстырды. Мерекелік бағдарламада ән мен би, шығармашылық қойылымдар орындалып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шара соңында «Мен қазақ тілін үйренемін» аудандық байқауының жеңімпаздары марапатталып, белсенді қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдірілді.
Тіл - халықтың рухани қазынасы, ұлттың болмысын айқындайтын басты құндылық. Мемлекеттік тілді дамыту - елдің болашағын нығайтуға бағытталған ортақ іс. Осындай тағылымды шаралар қазақ тілінің мәртебесін арттырып, қоғамдық келісім мен ел бірлігін одан әрі бекемдей түсетіні сөзсіз.
16.10.2026 13:22

Қазақстандықтарға скринингтер мен екпелер туралы 1414 арқылы хабарланады Қазақстанда скринингтерден уақтылы өтуге, вакцинациялау туралы мәліметтерді тексеруге және көрсетілген медициналық қызметтерді растауға...
16.10.2026 09:01

Для каждого человека дом имеет особое значение. Это место, куда мы возвращаемся после работы или учёбы, где проводим время с...
16.10.2026 07:57

Рухани келісім және этносаралық толеранттылық — қоғам бірлігінің негізі 2026 жылғы 15 қазанда Бейімбет Майлин ауданында қоғамдық келісімді нығайтуға, конфессияаралық...
16.10.2026 07:55

Духовное согласие и межэтническая толерантность — основа единства общества В районе Беимбета Майлина, 15 октября 2026 года состоялись сразу два мероприятия,...
15.10.2026 13:02

В районном центре завершилась реконструкция сразу двух спортивных площадок: для мини-футбола и стритбола. Объекты открыты в рамках поручения главы государства...
15.10.2026 13:01

В акимате района Беимбета Майлина состоялось заседание Антитеррористической комиссии, в ходе которого рассмотрены актуальные вопросы организации профилактической работы, предупреждения экстремизма...
15.10.2026 12:59

В рамках реализации республиканского проекта «Кітап оқитын ұлт - Читающая нация», инициированного главой государства 7 октября 2026 года в читальном...
15.10.2026 12:58

19 октября в Казахстане отмечается День спасателя - профессиональный праздник людей, для которых готовность прийти на помощь стала не просто...
15.10.2026 12:57

В рамках исполнения Концепции «Слышащего государства» мы беседуем с временно исполняющим обязанности начальника ОЧС района Беимбета Майлина майором гражданской защиты...
15.10.2026 12:54

Ежегодно в третье воскресенье октября в Казахстане отмечается День работников лесного хозяйства - профессиональный праздник людей, чья деятельность связана с...
15.10.2026 12:47

7 октября 2026 года в районном акимате района Б. Майлина состоялась встреча в рамках антинаркотической профилактической работы с участием учащихся...
15.10.2026 12:45

Тобыл кентіндегі КММ «Тобыл жалпы білім беретін №1 мектебінде» 5-сынып оқушылары арасында «Заң және құқық әлемінде» атты танымдық квест өтті....
15.10.2026 12:43

2026 жылғы 9 қазанда Халықаралық мүмкіндігі шектеулі адамдар күніне орай аудан көлемінде ересектер мен балалар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Іс-шараны аудандық...
15.10.2026 12:41

В рамках реализации Послания Главы государства, в котором одним из главных приоритетов является укрепление здоровья нации, пропаганда здорового образа жизни...
15.10.2026 12:38

Президент страны в своих выступлениях не единожды говорил о значимости здоровой нации и о том, что на пути в здоровому...
15.10.2026 12:36

9 октября отмечается Всемирный День почты - профессиональный праздник людей, чей ежедневный труд помогает оставаться на связи тысячам жителей городов...
15.10.2026 12:33

Есть профессии, в которых особенно важны не только знания и опыт, но и человеческие качества - ответственность, доброжелательность, терпение и...
13.10.2026 15:47

Учёба, работа, туризм и деловые поездки за границу стали привычной частью современной жизни. Тысячи казахстанцев ежегодно выезжают в другие страны,...