Дүйсенбі күні «Достық» мәдени-танымдық орталығының оқу залында «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының аясында, Астананың 20 жылдығы мен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнімен ұштастырылған облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезеңі өтті.
Айта кету керек, байқауға таңдалатын туынды қазақстандық жазушылардың шығармаларымен, яғни жасөспірімдер үшін жазылған туындылары немесе балалар мен жасөспірімдер әдебиеті шеңберіне енген шығармалармен шектелді. Шарт бойынша аталмыш байқауға 12-13 жас аралығындағы мектеп оқушылары ғана қатысуы тиіс еді. Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйенсек, бұл байқаудың негізгі мақсаттарының бірі балалардың әртістік шеберлігін шыңдап, өз талаптарын көрсетуге мүмкіндік беру болатын.
Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы Гаухар Асанова «Сөз құдіреті» сайысына қатысқан он екі оқушыға сәттілік тілеп, сөз кезегін жүргізушілерге берді. Шыны керек, аталмыш додада қазылық жасаған мәдениет бөлімінің бас маманы Гүлсім Мурзабаеваға, тілдерді оқыту орталығының басшысы Әлия Еришева мен «Ұшқын» мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Айман Зыбалеваға қатысушылардың өнерін бағалау оңайға түскен жоқ. Дегенмен, қатысушылардың оқылымын бағалау барысында таңдап алынған шығарманың өзіндік ерекшелігі, сөйлеу мәнері мен анықтығы, мәтіннің бейнелік жүйесі мен мазмұндық құрылымын терең сезіну сынды негізгі белгілерге аса мән берген әділқазылар алқасы он балдық жүйемен өз бағаларын бере отырып, өз ойларын ортаға салды. «Мәтінді жаттап алып қана қоймай, оны жеткізе білу де өнер десем артық айтқаным болмас. Сондықтан, прозаны лайықты оқу үшін эмоционалдық-экспрессивтік көркемдіктің қыр-сырына үйретіп, сендерді осы байқауға дайындаған педагогтар мен кітапханашыларға алғысымды білдіремін. Қатысушылардың кейбіреулері менің жүрегімде із қалдырып, жылы әсер етті.Бүгінгі сайыста шығарманы жаттағанымен, лайықты жеткізе алмаған, яғни дайындығы аздау балалар да бар. Бірақ, бұл сендердің жеңілгендерің емес, керісінше, алға қадам басу үшін өзіндік ынталандырма болуы тиіс. Мені балалардың арасында әртістік шеберлігімен, дауыс ырғағымен, дене қимылымен туындыны әсерлі етіп жеткізгендердің бары қуантты. Оқушы болсаңдар да, кітаптарға, күрделі шығармаларға қызығушылық арттырып, осы байқауға келгендерің үшін сендерге ду қол шапалақ дегім келеді», - деді «Туған өлкем – алтын бесігім» кітабының авторы, қазылар алқасының мүшесі Айман Зыбалева. Иә, бұл дүниеде сөздің құдіретіндей құдірет жоқ. Расында да солай ғой, бір ауыз сөзбен ешбір күн шалмас қараңғы түнекке сәуле шашуға болады. Бір ауыз сөзбен кеселді жазуға да болады. Бір ауыз сөзбен өлтіруге де болады. Ғабит Мүсірепов: «Мұралардың ең асылы – сөз. Асылы адам да, зат та тозады, жоғалады. Ал, сөз мәңгі жасайды...», - дейді.
Сайыс бар жерде жеңіс те, жеңіліс те болатыны белгілі. Қазылар алқасының шешімімен 3-орынды Б.Майлин атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Ансатасия Забайдулина иеленсе, 2-орын Приозерный орта мектебінің 6-сынып оқушысы Жансұлу Қаппасқа бұйырды. Ал, 1-орынды және облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауына жолдаманы Майское орта мектебінің 7-сынып оқушысы Дарья Стоногина иемденді (фотосуретте). Сонымен қатар, «Айрықша таңдау» номинациясымен Николаевская негізгі мектебінің 5-сынып оқушысы Данил Бирюков, «Үздік бейне» номинациясымен Валерьяновка негізгі мектебінің 7-сынып оқушысы Яна Никкель, «Әртістік шеберлік» номинациясымен Тобыл орта мектебінің 6-сынып оқушысы Назира Қуаныш марапатталды. Байқауда бағын сынаған қалған қатысушылар алғыс хаттарға және естелік сыйлықтарға ие болды.
09.07.2025 07:23
1 шілдеден бастап үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау мақсатында жыл сайын өткізілетін конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды.ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы ұйымдардың...
09.07.2025 07:19
1 июля начался прием заявок на ежегодный конкурс по присуждению премии для неправительственных организаций.Премия для НПО направлена на предоставление институциональной...
03.07.2025 13:32
Жазғы демалыста №2Тобыл жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жұмаділ Арыстан Арманұлы Қазақстанның елордасы – Астана қаласына сапарлады.Бұл сапар оның есінде...
03.07.2025 13:28
Жақында Әнкей Аманжол Нұрболатұлы өзінің інісі Әділ, қарындасы Айару және анасымен бірге еліміздің жүрегі – Астана қаласына саяхаттап қайтты.Бұл сапар...
03.07.2025 13:26
6 июля в Казахстане празднуется День столицы (День Астаны). Этот государственный праздник отмечается ежегодно и посвящен переносу столицы из Алматы...
03.07.2025 12:45
В завершении прошлой недели 27 июня в селе Береговое состоялось по-настоящему важное событие - открытие пожарного поста в рамках республиканской...
03.07.2025 12:40
В конце июня в Казахстане традиционно отмечается День работников средств массовой информации - праздник всех, кто трудится в газетах, на...
03.07.2025 12:26
Глава государства дал старт масштабной правовой акции - «Неделя Закона и Порядка», направленной на повышение правовой культуры населения, укрепление общественного...
03.07.2025 12:22
Соревнования проходили среди электромонтеров распределительных сетей ТОО «ЭПК Forfait», победителей зональных этапов. За право называться лучшей бригадой боролись команды Костанайской...
03.07.2025 12:18
С 12 по 14 июня в городе Костанай состоялись областные соревнования по Летнему Президентскому многоборью. В этом престижном спортивном мероприятии...
03.07.2025 12:16
26 июня во всём мире отмечается Международный день борьбы с наркоманией. Село Айет не осталось в стороне - в этот...
03.07.2025 12:11
Қазіргі таңда бүкіл әлемде күрделі әлеуметтік мәселелердің бірі – есірткіге тәуелділік.Бұл – тек бір адамның емес, бүкіл қоғамның дерті. Есірткіге...
02.07.2025 15:05
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты "құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" Заңға қоғамдық орындарда...
30.06.2025 13:19
В рамках реализации программы « Бір Отан , бір тағдыр , бір болашақ «, направленной на формирование и укрепление ценностей...
26.06.2025 10:12
19 июня на территории поселка Тобол состоялось одно из значимых для экономического развития района событие - старт строительству важного инвестиционного...
26.06.2025 10:10
20 июня в большом зале районного акимата под руководством акима района Кайсара Муржакупова состоялось заседание Межведомственной комиссии по профилактике правонарушений....
26.06.2025 10:08
Тоғызқұмалақтан Қазақ ССР-нің спорт шебері Ә.Айтмағанбетовті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы Қостанай қаласында 15 -18 маусым айының аралағында республикалық турнир...
26.06.2025 10:03
Праздник в честь тех, кто служит государству: концерт ко Дню государственного служащего и Дню полиции прошёл в районном центре 23...