- Подробности
-
Категория: Все материалы сайта
-
Создано 30.05.2024 15:15
-
Автор: Super User
-
Просмотров: 273
Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектер үшін ең маңызды әрі есте қалатын жарқын сәттердің бірі. Оқушыға 11 жыл аз уақыт емес, бірақ оның алда бағындыратын белесі одан да көп.
Қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын мектептің мерекесі – соңғы қоңырау салтанаты! Жылдағы дәстүр бойынша білімнің ордалары «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» деген ұранмен жас түлектерін үлкен өмірге аттандырды. Кеше ғана мектеп табалдырығынан имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасар сәт.
Биыл Тобыл кенті мектептерінен 28 жас түлек бітірді. №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінен «Алтын белгі» иегері Сүлеймен Айжан Бақытбекқызы. Мектептерде соңғы қоңырау мектеп бітіруші жастарға соғылды. Ұстаздар мен ата-аналар оқушы жас түлектерге алдағы ҰБТ мен емтихандардан жоғары дәрежеде көрсетуіне сәттілік тілеп шығарып салды. Мектептегі кезең аяқталды, бүкіл өмір алда.
Қымбатты мектеп бітіруші жастар! Сіздер үлкен мақсаттарға қадам басқалы тұрсыздар. Тарыдай болған жас баладан, таудай талапкерге айналдыңыздар. Жолдарыңыз ашық болсын! Ізденіс жолында ойлаған ісіңнің барлығы орындалсын! Сәттілік лайым өзіңмен бірге жүрсін!