Тобыл кентінде ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_16_16-2019_12.JPGСенбі, 13-сәуір күні Тобыл кентіндегі теміржол вокзалы алаңында кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Оған өңірдің ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер мен жеке кәсіпкерлер қатысып, азық – түлік өнімдерін тұтынушыларға төмен бағада ұсынды.


Жәрмеңкеге аудан әкімінің бірінші орынбасары М.Ахметов қатысып, азық-түлік өнімдерінің сапасымен танысты. Бұл күні қара мал, жылқы, шошқа еттері төменгі бағаларда сатылды. Сондай-ақ, жәрмеңкеде сүт өнімдері (сүт, қаймақ, май, ірімшік), жұмыртқа, құс еттері сатылды. Жәрмеңкеге 5,4 тонна ауылшаруашылық өнімі қойылды. Оны ақшаға шаққанда 5 млн. 800 мың теңгені құрады. Атап айтсақ, 1,9 тонна ет, 2300 дана жұмыртқа, 210 кг шұжық, 300 кг балық түрлері саудаға қойылды. Жетіқара қаласынан келген «Булудов» ШҚ мен Қостанай қаласынан «Дэп» ЖШС-і 300 кг астам сүт өнімдерін ұсынды. Жалпы 3 млн, 525 мың теңгенің өнімі сатылды.
– Осындай жәрмеңкелердің өткізілуін асыға күтеміз. Арзан бағада өзімізге қажетті өнімдер алдық. Аудан шаруалары өз еңбегін саудалауға мүмкіндік алса, біз ауылдың табиғи өніміне қол жеткізіп отырмыз,. – деді жәрмеңкеге көңілі толған кент тұрғындары.
Ауылшаруашылығы өндірушілер үшін жасалған жағдайлар ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандырып қана қоймай, тобылдықтарды табиғи, экологиялық таза және жаңа шығарылған азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Осындай жәрмеңкелер аудан аумағында жиі өткізілуде,- деп мәлімдеді ауылшаруашылығы бөлімінің мамандары.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане