«Достық» мәдени-танымдық орталығының балалар үшін маңызы зор

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_17_17-2019_1.JPGКітап рухани байлығымыз. Кітап — ​адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. «Балалар әдебиеті абонементі» 2009 жылдың 1 тамызында ашылды.


Бұған дейін балалар әдебиеті Таран аудандық орталық кітапханасының оқу залында болған еді. Қазіргі уақытта балалар абонементі жаңа стеллаждармен толықтырылып, мұнда интернет желісіне қосылатын компьютерлер орнатылған. Кітап қоры балаларға арналған қазақ және орыс, ағылшын тілдеріндегі кітаптар мен энциклопедиялар, Қазақстандық жазушылардың кітаптарымен, электронды кітаптармен толықтырылған.
Балалар абонементі жұмысының негізгі міндеті балалар мен жасөспірімдерге төмендегі бағыттарда патриоттық тәрбие беру болып саналады: рухани — ​адамгершілік, тарихи — ​өлкетану, азаматтық — ​патриоттық, отбасылық оқу дәстүрін жандандыру, қоғаммен байланысты нығайту және кеңейту, «Қазақстан — ​2050» стратегиясын насихаттау, салауатты өмір салтын насихаттау, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен салт — ​дәстүрлерімен танысу арқылы Қазақстандық патриотизмді дамыту, өлкетану, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» патриоттық арнайы жобасын іске асыру, әдебиетке саналы қызығушылықты дамыту, мәдени көкжиекті кеңейту, оқудың беделін арттыру;
«Балалар әдебиеті абонементі» Таран балабақшасы, Сапар Ерғалиев және Бейімбет Майлин атындағы ауданымыздағы оқу мекемелерімен бірге, Аудандық мұражаймен де ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс атқарады.
Абонементте «Достық» мәдени-танымдық орталығы бар.
2014 жылдың сәуір айынан бастап Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні қарсаңында ««Достық»-толеранттық планетасы» арнайы жобасы бастау алды. Жобаның мақсаты: Аймақтың барлық этносы үшін ақпараттық және мәдени орталық болу, азаматтық сана-сезімді, интернационализм рухын, балалар мен жасөспірімдер ортасында толеранттылықты қалыптастыру.
Оқырмандардың әртүрлі топтары арасында оқуды насихаттау «Достық» балалар абонементінің оқу залында жұмыс істейтін үйірмелер мен клубтардың басты міндеті болып табылады. Олар мектепке дейінгі, кіші және орта мектеп жасындағы оқырмандарды қамтиды. Бұл жаста -оқуға деген қызығушылық артады. Сондықтан үйірмелер мен клубтар ата-аналар мен тәрбиешілерге, сондай-ақ, мұғалімдерге көмек көрсетеді.
2016 жылдан бастап «Достық» мәдени-танымдық орталығы қабырғасында облыстық «Сөз құдіреті. Живое слово» мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезеңі өткізіліп келе жатыр. Байқауға аудандық орталықтағы мектеп оқушылары мен Таран ауданының ауылдық округтерінен дарынды балалар қатысады. Байқау қорытындысы туралы ақпарат «Маяк» аудандық газетінде, аудан әкімінің веб-сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.
2017 жылдың 12 сәуірінде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы шықты. Кітапхана осы жылдың тамыз айынан бастап осы бағдарлама бойынша жұмыстар атқарып келеді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане