«Қымызмұрындық»

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_25_25-2019-4.jpg«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» аясында Тобыл селолық кітапханасы 14 маусым күні «Қазақ салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының» бірі «Қымызмұрындық» - атты мәдени іс-шара өткізді.
Бұл шараның негізгі мақсаты: ұлттық салт - дәстүрімізді дәріптеу, ұмыт бола бастаған құндылықтарымызды жаңғырту және ұлттық тағамдарымызды ұлықтау.
Іс-шара барысында оқырмандарға Тобыл тұрғыны Айгүл Айтбайқызы өткен шағын еске алып, салт-дәстүрді сақтай отырып, бие байлардан соң- ауыл ағайындары бір-бірінің үйлерін аралап, сауған саумалды бір-біріне құйып қор жинап қымыз ашытқандығын, қымызы бұрын ашыған үйлерге келіп, күбінің піспегіне 1 метр ақ мата байлап қор сұрап алатынын айтып өтті.
Кітапханашы Алия Саханқызы оқырмандарға Қымызмұрындық - үлкен той - мерекелік қымызды елге, сол ауылға сыйлы, қадірлі әйел-бәйбіше, әжелер бастап ішкенін және бұл мейрамды екі жағдайда, яғни 1-ші бие байлар-ол жазғытұры тойланса, ал 2-шісі күзде қазан айының соңында биелерді ағытып, құлындарды желіден босатарда жасалытын «Сірге жияр» деген тілек тойы туралы мағлұмат берді. Мұнда да үлкен той жасап, қымыздың соңын әйелдер қымыз ішіп тарасқан.
Неге қымызды әйелдер бастап ішетін болған? деген оқырмандар сұрағына- қазақ салт-дәстүрді ұстаған, ырымшыл халық. Бұл келесі жылы жылқы төлі (құлын) көбейсін деген ырым екенін айтып өтті.
Іс-шараның соңында «Қымызмұрындық» кітап көрмесіне шолу жасалынды. Онда оқырмандарымыз салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды, халқымыздың ұлттық сусыны-қымыздың емдік қасиеті жайлы қымыздың бірнеше түрлері бар екені таныстырылды. Бие сүтінің денсаулыққа пайдасы зор, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы орыны ерекше. Сондықтан, көпшілікке арналған мерекелерде ұлттық сусынды дәріптейтін шаралар дәстүрге айналып, жалғасын тапса, нұр үстіне нұр болар еді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане