«Мектептегі қауіпсіздік» атты жедел іс-шарасы

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_48_2.jpg2019 жылдың 25-29-шы қараша күндері аралығында аудандық мектептерде «Мектептегі қауіпсіздік» атты жедел іс-шаралары басталды.


Аудандық полиция бөлімінің басшысы Ойрат Батырханов пен полиция бөлімі басшысының орынбасары Қайрат Оразбаев және Төтенше жағдайлар бөлімінің өкілі Дмитрий Жданов Б.Майлин атындағы орта мектебінде және С.Ерғалиев атындағы орта мектеп қабырғаларында болып, қауіпсіздік шараларын өткізіп, ғимарттың барлық жерін тексеріп шықты. Анықталғандай, ағымдағы жылы орнатылған екі білім ордасында да, атап өтсек, Б.Майлин атындағы орта мектепте 5 айдың көлемінде, ал, С.Ерғалиев атындағы орта мектепте 1 айдан астам уақыт көлемінде бейнебақылаулар жұмыс жасамайтын болып шықты. Білім бөлімінің басшысы Айгүл Алимбаева:«Бұл жеткізушінің кінәсінен болып отыр, қазіргі таңда сот ісін жеңіп, алдағы уақытта сот шешімінің іске асуын күтіп отырмыз»,- дейді.
Полиция бөлімінің басшысы Ойрат Жеңісұлы барлық белгіленген нысандарды қарап шығып, қауіпсіздік ережесіне сай келмейтін жерлерді түзетуге мектеп басшыларына тапсырма берді. Сонымен қоса, күзет бойынша қызметтерін тексерді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане