Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_51_51-2019_4.jpgТәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Біздің ортақ, қасиетті міндетіміз - мемлекетіміздің күші мен байлығын арттыру.


12 желтоқсан күні Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 28 жылдығына арналған «Туған елім – Қазақстан!» атты салтанатты концерт өтті. Мерекелік концертте «Nur Otan» партиясы Бейімбет Майлин аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Калимова Ж.Ж., аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Овчарова Р.С. Тобыл кенті әкімінің орынбасары Есмағамбетов А.Б., Қостанай теміржол эксплуатациалық депо бастығының орынбасары Федеренко А.А. қатысып, құттықтады. «Думан» Мәдениет Үйі көркемөнерпаздар ұжымы дайындаған концерттік бағдарламада қалың көпшілікке музыкалық тарту сыйлады. Өнер көрсеткен барлық өнерпаздарға деген көрермендердің ықыласы зор болды.
13 желтоқсан күні №1 Тобыл орта мектебінде бастауыш сыныптар және жоғарғы сыныптар арасында патриоттық әндерден жарыс өтті.
Мектеп директоры құттықтау сөзімен мерекелік кешті ашты. Сайыс талабы бойынша әр сынып патриоттық бір ән орындау.Сайыс өте әсерлі өтті. Әр сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. «Біздің мақсатымыз - жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу, еліне деген, жеріне деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Азаттықтың ақ таңы қандай қиындықтармен келді?! Бұл мәдени шарада тек мерекелік ән-күй емес, патриоттық сезімді оятатын әндер орындалды. Жас ұрпақ соны біліп, санасына тоқып өсуі керек», - деді №1 мектеп директоры Дюсембаева Ж.Ж.
Мұндай іс –шаралар-оқушыларды Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеп, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу.Мерекелік іс-шараға оқушылар белсене қатысты.
Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған мерекелік іс- шара Тобыл орта мектебінің оқушыларының желтоқсан оқиғасынан көрініс көрсетумен басталды. Мектеп директоры құттықтау сөзбен бастап, ән сабағының мұғалімі Ахметжанова Кенжегүл мен мектеп тәрбиесі жөніндегі орынбасары Шалғынбаева Ажар мен Құттықбаева Динара ұйымдастырған концерттік бағдарламада оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Жиналған көпшілік балалардың өнеріне дән риза болды.
Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құңдылық, көптен күткен ең қасиетті мереке! Еліміздің әрқашан Туы биік болсын, тұғыры берік болсын! Барлық шаңырыққа шаттық, елімізге береке – бірлік тілейміз! Тәуелсіздігіміздің қасиетті туы мәңгі желбіреп, күніміз мәңгі сөнбей, әсем әніміз бен күйміз ашық та, кең аспанымызда шарықтай берсін демекпіз. Біздің сүйікті Отанымыз Қазақстан өркендеп, жарқырай берсін!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане