Желтоқсанның 24 жұлдызында Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қызықты да танымды іс-шара өтті.
Красносельск орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімінің ұйымдастыруымен өткен «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шараға аталмыш білім ордасының 8-сынып оқушылары қатысты. Күнсұлу Баймағамбетованың айтуынша, мұндағы мақсат - Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілікті арттыруға, оқушыларды өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы білімдерін кеңейту.
«Аталмыш іс-шара сайыс түрінде үш тілде өткізілді. Оқушылар 2 топқа бөлініп, түрлі қызықты тапсырмалар орындады. Әрбір тапсырманы дұрыс, әрі тиянақты орындағаннан кейін, оқушылар Қазақстанның аймақтарын бір картаға жинастырды. Облыс орталықтарын еске түсіру мақсатында да тапсырма орындалды», - дейді ұйымдастырушы жас маман.
Үш тілде жүргізілген мақал-мәтел жарысы да оқушылардың көңілдерінен шықты десек, артық айтқанымыз емес. Қатысушылар іс-шара барысында «Отан» сөзінің терең тұңғиығына үңіліп, өз әсерлерімен бөлісті. Махаббат Қалиева: «Бүгінгі өткізілген іс-шараның біз үшін маңызы өте зор. Менің ойымша, жас ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді оятуға септігін тигізетіні сөзсіз. Маған ұнаған тапсырмалардың бірі – «Суреттер сөйлейді». Оны орындау кезінде біз ерекше көңіл- күйде болып, одан керемет әсер алдық. Маған өте қатты ұнады»,-деген ойымен бөлісті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қоғамды шоғырландыруға, зиялы қауым мен жастарды, барлық ұлт өкілдерін Елбасы жариялаған жарқын идеяның айналасына біріктіруге мүмкіндік береді. Мемлекеттік бағдарламаның барлық бағыттары әлеуметтің, ғылыми-эксперттік қауымдастықтардың, азаматтық қоғам өкілдері мен өскелең ұрпақтың белсенділік танытуының арқасында жүзеге асырылады. Міне, ауданымыздың жас мамандарының бірі Күнсұлу Баймағамбетованың ұйымдастырған осы іс-шарасы соған дәлел.
09.07.2025 07:23
1 шілдеден бастап үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау мақсатында жыл сайын өткізілетін конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды.ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы ұйымдардың...
09.07.2025 07:19
1 июля начался прием заявок на ежегодный конкурс по присуждению премии для неправительственных организаций.Премия для НПО направлена на предоставление институциональной...
03.07.2025 13:32
Жазғы демалыста №2Тобыл жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жұмаділ Арыстан Арманұлы Қазақстанның елордасы – Астана қаласына сапарлады.Бұл сапар оның есінде...
03.07.2025 13:28
Жақында Әнкей Аманжол Нұрболатұлы өзінің інісі Әділ, қарындасы Айару және анасымен бірге еліміздің жүрегі – Астана қаласына саяхаттап қайтты.Бұл сапар...
03.07.2025 13:26
6 июля в Казахстане празднуется День столицы (День Астаны). Этот государственный праздник отмечается ежегодно и посвящен переносу столицы из Алматы...
03.07.2025 12:45
В завершении прошлой недели 27 июня в селе Береговое состоялось по-настоящему важное событие - открытие пожарного поста в рамках республиканской...
03.07.2025 12:40
В конце июня в Казахстане традиционно отмечается День работников средств массовой информации - праздник всех, кто трудится в газетах, на...
03.07.2025 12:26
Глава государства дал старт масштабной правовой акции - «Неделя Закона и Порядка», направленной на повышение правовой культуры населения, укрепление общественного...
03.07.2025 12:22
Соревнования проходили среди электромонтеров распределительных сетей ТОО «ЭПК Forfait», победителей зональных этапов. За право называться лучшей бригадой боролись команды Костанайской...
03.07.2025 12:18
С 12 по 14 июня в городе Костанай состоялись областные соревнования по Летнему Президентскому многоборью. В этом престижном спортивном мероприятии...
03.07.2025 12:16
26 июня во всём мире отмечается Международный день борьбы с наркоманией. Село Айет не осталось в стороне - в этот...
03.07.2025 12:11
Қазіргі таңда бүкіл әлемде күрделі әлеуметтік мәселелердің бірі – есірткіге тәуелділік.Бұл – тек бір адамның емес, бүкіл қоғамның дерті. Есірткіге...
02.07.2025 15:05
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты "құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" Заңға қоғамдық орындарда...
30.06.2025 13:19
В рамках реализации программы « Бір Отан , бір тағдыр , бір болашақ «, направленной на формирование и укрепление ценностей...
26.06.2025 10:12
19 июня на территории поселка Тобол состоялось одно из значимых для экономического развития района событие - старт строительству важного инвестиционного...
26.06.2025 10:10
20 июня в большом зале районного акимата под руководством акима района Кайсара Муржакупова состоялось заседание Межведомственной комиссии по профилактике правонарушений....
26.06.2025 10:08
Тоғызқұмалақтан Қазақ ССР-нің спорт шебері Ә.Айтмағанбетовті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы Қостанай қаласында 15 -18 маусым айының аралағында республикалық турнир...
26.06.2025 10:03
Праздник в честь тех, кто служит государству: концерт ко Дню государственного служащего и Дню полиции прошёл в районном центре 23...