Ән әлемінің әліппесі «Алтын микрофон»

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_8_8-2020_9.jpg«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Мәдени даму» жобасы аясында Мәдениет басқармасы және Облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен, жыл сайын Қостанай қаласында «Алтын микрофон» халықаралық әншілер байқауы өтеді.


«Алтын микрофон» - халықаралық вокалшылардың конкурсы. Оған шет елдерден өнерпаздар жыл сайын келеді. Олар жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінген. Бұл байқау кішкентай әншілердің ән әлеміндегі әліппесі. Үлкен сахнаға бастар салмақты сатысы да осы сайыс. Сол себепті, күміс көмейлердің бәрі де тек жеңіске мүдделі.
Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде, 20-шы ақпан жасөспірімдер арасында «Алтын микрофон» сайысы өтті. Балабақша мен мектептерден бүлдіршіндер қатысып, өнерлерін ортаға салды.
3-9 жас ерекшелігімен 1-орын – Мерейім Қуантай Тобыл орта мектебінен, 2-орынды – Зере Хозедиас «Балдаурен» балабақшасынан мен Айдана Стецюк №1 Тобыл орта мектебінен бөлісті. Ал, 10-13 жастағылар арасында, 1-орын Қуантай Нұрайлым Тобыл орта мектебінен, 2-орын Пайганова Елизавета №1 орта мектебі, 3- орын Олжасқызы Іңкәр Тобыл орта мектебінен иеленді.
14-17 жас аралығынан Нұрхельдиев Әділ 1-орын алды. Байқау жеңімпаздары Тобыл кенті әкімінің мадақтамаларымен марапатталып, тәтті сыйлықтар табыстады.
Сайыста жеңіске жеткен жасөспірімдер алдағы болатын аудандық «Алтын микрофон» балалар вокалды сайысына қатысуға жолдама алды.
Тобылдың жас өнерлі жұлдыздарына сәттілік тілейміз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане