Тәжірибелі маман, сүйікті жар, аяулы ана

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_9_55353.jpgХалықаралық әйелдер күні мерекесі біз үшін орны ерек, жөні бөлек. Өйткені, анасын ардақтаған, қызын қашанда қадірлей білген ұлттың ұрпағымыз. Бұл күндері ел ішінде өтіп жатқан мерекелік жиын-шаралар өте көп. Біз солардың арасынан ерекше дегендерін екшеп алдық.


Мақсатымыз – аруларымыздың қоғамдағы ойып тұрып алатын орнын көрсету. Кейіпкеріміз-Қостанай пайдалану локомотив депосының Тобыл айналым депосының жылдам- техникалық есеп орталығының бастығы Исмагамбетова Зухра Кеңесқызы. Теміржол саласында 35 жыл қызмет атқарады. Үш баланың анасы. Төл мерекесімен жұмыс барысында құттықтап, Зухра Кеңесқызын әңгімеге тарттық. Теміржолшы деген жақсы мамандық. Қиын болғанымен, төзімділікті, тәртіптілікті талап етеді. Жауапкершілігі жоғары. Теміржолда темірдей тәртіп қажет. Зухра Кеңесқызының отбасын теміржолшылар әулеті деуге толық негіз бар. Теміржол саласында әке - шешесі жұмыс жасаған, ал, ағалары мен апасы, жолдасы мен балалары осы еңбек әулетін теміржол қызметінде жалғастыруда. Тобыл теміржол бөлімшесінде мұндай еңбекқор отбасы көптеп кездеседі. Себебі, ел егемендігімен бірге іргесін бекітіп, ілгері басқан теміржол саласы жұмысшылар мүддесіне жауапкершілікпен қарайды.
Бұл аса маңызды әрі қиын, жауапкершілігі мол сала болып табылады. Онда шұғыл шешім қабылдау, зор біліктілік пен табандылықты талап етеді. Исмагамбетова З.К. теміржол саласы мен кәсіподақ ұжымының медалімен, мадақтамалармен марапатталған.
Зухра Кеңесқызы: - Әйел әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ. Бұл мереке - шынайы құрметтің белгісі. Көктемдегі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен әр шаңырақты шаттыққа бөлейтін аналар мен қыз-келіншектердің қуанышына ортақпын. «Ер елдің иесі, әйел – үйдің киесі» дегендей, отбасындағы береке-бірлікке, өмірдегі әсемдік пен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен аналарымыз бен қыз-келіншектерімізді шын жүректен құттықтаймын!
Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып қала беріңіздер! Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атағың биіктей берсін! Жанұяларыңызға береке-бірлік тілеймін!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане