Жас маман - болашақтың бастауы

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_20_20-2020_5.jpgЖас болса да, үлкен жетістікке қол жеткізіп, биік мақсат пен асқақ арманға жетуі үшін аянбай тер төгіп, еңбек етіп жүрген жас маман – Айдана Жакупова.


Рудный әлеуметтік гуманитарлық колледжін тәмамдаған жас маман, өзінің еңбек жолын ауылдан бастауды жөн көрген. Ол-қазіргі таңда Апанов негізгі мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып алғаш еңбек жолын жалғастырып жатырған мамандардың бірі.
- Мен бұл салаға өзімнің қалауыммен келдім. Қай істі алсаң да, өз қиындығы бар. Алға қойған айқын мақсатың болса, жетістікке жетуіңе болады. Әрине, оңай емес. Алдыңда кедергілер де кездесіп жатады. Бірақ күш пен жігердің, еңбектің арқасында қазіргі таңда мақсатыма жеттім десем қателеспейтін шығармын,- дейді Айдана.
Жұмыс істеп, қызмет атқарып жүрген шағында, тұрмысқа шықты. Қазір ибалы келін, инабатты жар болып отыр.
- Нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген боз ерен ретінде алар асуым әлі алда.Әрбір жас «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін» деген ұранмен өмір сүруіміз керек. Елбасымыз Н.Назарбаев өткен жылы бүтіндей бір жылды «Жастар жылы» деп атағанының себебі де, ол осындай жауапкершілікті жүктеп отыр. Біз қазіргі заманғы Қазақстанның идеалында тәрбиеленіп, өз еңбектерімізбен, білімге деген ұмтылыстарымызбен, Мәңгілік Елдің даңқын асырып, Қазақстанның жарқын болашағы үшін қандай да бір іс тындыруға міндетті екенімізді естен шығармайық. Қорытындылай келе айтарым, біздің жастарымыз тамырын тереңнен жайған салт-дәстүрімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, әдет-ғұрпымызды ұмытпай, әрқашан ұлықтауы керек. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев : «Рухы берік, санасы ояу, мәдениеті озық, әдебиеті ерен елдің, болашағы да баянды болады», — деген болатын. Ал, болашақ Мәңгілік елдің жалынды жастарының қолында екендігі ақиқат. Сол себепті болашақты баянды ете түсуге берілген теңдессіз мүмкіндікті пайдаланып, елімізді жаңа деңгейге көтерейік!-, дейді жас маман.
Әрбір жас, ең алдымен, өзінің туған, кіндік қаны тамған ауылының көркеюіне атсалысса, мемлекетіміз нығаюдың үстіне нығая беретіндігіне де сеніміміз мол.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане