Биыл мектептердегі жазғы лагерьлер қалай өтеді?

Білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ғалия Ибраева жаз мезгілінде балалар лагерьлері қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.


«Биылғы жылы мектеп жанындағы жазғы лагерлері жұмыс жасайды. Тек елде болып жатқан жағдайға байланысты жазғы алаңдарға тек қана 30 баладан қабылдалынатын болып шешілді. Бұл жолы кейбір іс-шара онлайн режимінде өтуі де мүмкін деп күтілуде. 2-ші маусымнан бастап мектептердегі жазғы алаңдар өз жұмыстарын бастап кетті. Балалардың бір топта шоғырланбауы үшін, әрбір үйірмелерге бөлініп отырады. Мектептерде бұрынғыша флешмобтар немесе басқа да оқушылар көп шоғырланатын жарыстар мен спорттық ойын-сауықтар биылғы жылы болмайды. Лагерьлерге бара алмай қалған оқушылар не істейді деген сауал ата-аналар тарапынан туындауы ықтимал. Осы мақсатта біз мектеп жанындағы ұйымдардың қызметін күшейттік. Олардың барлығы балаларды толықтай қамтуға дайын, оның ішінде онлайн форма да бар»,- дейді әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.
Жазғы лагерь алаңдарында санитарлық нормалар қатаң сақталынып, балалардың қауіпсіздігіне аса мән берілетіндігі туралы ата-аналардың естеріне сала кетейік.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане