«Таза жағалау» акциясы

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_29_29-2020_2.jpgҚазір демалыстың қызған шағы. Көпшіліктің жасыл желекке оранған табиғат аясына асығатыны хақ. Көбіне өзен-көлдердің маңайын төңіректейтіндер тек тынығып қана қоймай демалыс мекендерін ластап кетеді.
Береговое ауылының әкімі Алина Испулова әр апта сайын «Таза жағалау» акциясы өткізіліп тұратынын айтқан болатын. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында ұйымдастырылған шараға барлық қызметкерлер ұйымшылдықпен атсалысып, белсенді жұмыс істеді. Өзен жағалаулары қоқыс-қалдықтардан тазартылып, жаңғырып қалды. «Елімізде болып жатқан індетке байланысты, қазіргі таңда көлде шомылатын жандардың аз болатындығынан көп қалдықтар болмайды десек болады. Десе де, біз үшін табиғатты аялау бірінші орында»,- дейді ауыл әкімі.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане