Мемлекеттік шекараның беріктігі – елдіктің басты белгілерінің бірі

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_33_33-2020_2.jpgМемлекеттің назарының арқасында шекарашы мамандығының беделі артып келеді. Бүгінгі шекарашы - өз Отанының патриоты, терең білімі мен жоғары адами қасиеттеріне ие.


Тобыл теміржол шекара бекеті Ресейден Қазақстанға, Қазақстаннан Ресейге жолаушылардың жүктерін, қол заттары мен құжаттарын шекара бақылаудан өткізді. Шекарашылар арнайы техникалық құралмен, ведио камерлармен тексеріп, оқ-дәрі, есірткі заттарын шекарадан өткізбеудің алдын алу - негізгі мақсаты болып табылады. Қазақстан елінің тыныштығын күзетеді. Жеке құрамында Қостанай облысына жан-жақтан келген жігіттер мен қыздар қызмет жасайды. Шекара қызметіне әскери борышын өтеп келген жастарды терең тексерістен өткізеді. Шекара сарбаздарының заманауи ұрпағы өз міндеттерін лайықты орындайды, терроризмге, есірткі және қару-жарақ саудасына, контрабандалар мен табиғи ресурстарды тонауға сенімді тосқауыл қояды.
Шекара қызметінің де өз қиыншылығы бар. Еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тыныштық сақтау негізгі міндеттері болып саналады.
Шекара күзеті - арнайы дайындықтан өткен адам. Олар әрдайым шекарада кез-келген жағдайға дайын болуы керек, сондықтан ол күн сайын шекара шеберлігін жетілдіріп отырады. Шекара қызметі жылдамдықты талап етеді. Мұнда әрбір сәт санаулы. Темірдей әскери тәртіпке нағыз ер азамат қана шыдай алады. Күннің батуы шекарада жұмыс күнінің бітуін білдірмейді. Керісінше, шекараны қырағы көзден сақтау жүйесі күшейе түседі. Кез келген уақытта дабыл қағылуы мүмкін. Сондықтан бес аспаптың сай болуы шекарашылар үшін маңызды. Елді қорғау қызметі мемлекетіміздің қауіпсіздік саласында қатерлі де қауіпті қызмет болып табылады. Отанды қорғау мәртебесі әрбір жауынгерге бұйырмаған. Сондықтан бұл міндетті атқаруға көзінің оты бөлек ерекше азаматтардың тартылады.
Кұрметті шекарашыларды мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы, халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілейміз. Қазақстан еліне ашық аспан, жерімізге тыныштық, шекарамыздың берік болуын тілейміз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане