Әскерге шақырылғандар медициналық тексеруден өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_35_35-2020_5.JPGӘскерге қабылдау қатаң талап бойынша жүргізіледі. Алдымен ауданнан медициналық тексеріс пен әртүрлі психологиялық тесттен өтуі тиіс.


Енді болашақ жауынгерлердің денсаулығына да жіті мән беріледі. Жас жігіттердің қалқанша безі, іш құрылысы, жүрегі мұқият тексеріледі.
«Отан алдындағы борышымызды өтеп қайту – әр азаматтың міндеті. Сондықтан, өзімізді шыңдап, Отан алдындағы адал да әрі жауапты борышымызды өтеуге дайынбыз»,-деді бір ауыздан болашақ сарбаздар.
Басты медициналық комиссия төрағасы Назгүл Асқарқызы Манасова, сонымен қатар, комиссия құрамында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, аудандық аурухана дәрігері, полиция бөлімінің өкілдері болды. Биылғы жылы 100-ден астам болашақ сарбаздар медициналық бақылаудан өтті.
«Бес саусақ бірдей емес». Дегенмен, ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға екендігін, отбасындағы тәрбие - тәрбиенің бастауы екендігін ұмытпайық. Қазақ жігіті шаңырақтың иесі, ата-ананың отын тұтатушы, ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы. Ол елді қорғайтын ер, ұлттың намысты азаматы ретінде тәрбиеленгенде ғана қазақ елінің болашағы жарқын болмақ.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане