Бейімбет Майлин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Бейімбет Майлин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бейімбет Майлин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын қоса беріліп отырған қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Бейімбет Майлин ауданының
мәслихатының хатшысы С. Сапабеков

 

 

Мәслихаттың шешіміне қосымша

Бейімбет Майлин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары

 

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер Есептік бірлік Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық нормасы, м3
1 Жайлы үйлер 1 тұрғын 1,20
Жайлы емес үйлер 1 тұрғын 1,30
2 Қонақ үйлер 1 орын 0,52
3 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,78
4 Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 0,96
5 Емханалар 1 келіп кету 0,0013
6 Ауруханалар 1 төсек -орын 5,87
7 Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы 0,10
8 Дәмханалар 1 отыратын орын 0,33
9 Концерт залдары 1 отыратын орын 0,14
10 Мұражайлар жалпы алаңы 1м² 0,03
11 Спорт залдары жалпы алаңы 1м² 0,008
12 Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер сауда алаңы 1м² 0,19
13 Базарлар сауда алаңы 1м² 0,05
14 Вокзалдар, автовокзалдар жалпы алаңы 1 м2 0,40
15 Дәріханалар сауда алаңы 1м² 0,13
16 Автотұрақтар,АЖС 1 машина-орын 2,26
17 Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 2,74
18 Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 5,21
19 Тігін ательесі жалпы алаңы 1м² 0,13
20 Аяқ киімді жөндеу шеберханалары жалпы алаңы 1м² 0,16

Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане