Ауданымызға жаңа имам тағайындалды

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_40_40-2020_6.jpgАталған жауапты қызметке 28-ші қыркүйек күні осы уақытқа дейін Қызылорда қаласында найб имам болған Мейрамбек қажы Ержанұлы Қожахметов тағайындалды.


Мейрамбек Ержанұлы Қожахметов 1991 жылы Түркістан облысы ордабасы ауданынында дүниге келген. Үйленген-1 ұл, 2 қыздың әкесі. 2006-2009 жылдар аралығында Сарағаш Медресесінде имам хатиб мамандығы бойынша дәріс алған, 2009-2012 жылдары Түркия мемлекеті Исмайл ислам университетінде ислам тану мамандығы бойынша білім алып, 2012-2015 жылдары сырттай Шымкент білім беру колледжінде информатика-математика мамандығын тәмамдаған. 2015-2019 ОҚМПУ университетінде тарих пәні мұғалімі бойынша білім алған, 2019-дан бері «Шет тілдері және іскерлік карьера» университеттің қашықтықтан оқыту бойынша 3-ші курс студенті.
Мейрамбек қажы Ержанұлының ауданымызға дейінгі еңбек қызметтері жайлы айта кетсек, 2013-2015 Атырау облысы Қызылқоға аудандық Бәйтерек мешітінің бас имамы, 2015-2017 осы облысқа қарасты Махамбет аудандық Исатай-Махамбет мешітінің бас имамы, 2017-2020 жылдың қаңтар айына дейін осы облысқа қарасты Құрманғазы аудандық Темірәлі мешітінің бас имамы және 2020-жылдың қыркүйек айына дейін Қызылорда қаласы Әл-Уали мешітінің найб имамы қызметін атқарған.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане