Жаңа жылға қайырымдылықпен

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_2_2-2021_4.jpgЖаңа жылдық мереке жақындап қалған уақыттан бастап, барлық бала сыйлық алуды армандайтыны рас.
Дегенмен, баланың барлығы армандаған сыйлықтарына қол жеткізе алмайды. Міне, сондай балаларға мүмкіндігінше бақыт, жылулық, қуанышпен қоса мол сыйлық бергің келеді. Бүгінгі кейіпкеріміз Галина Баякенова жаңа жыл қарсаңында өзінің мейірімді жүрегінің арқасында балаларға Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.


- Маған бұл идея ұлыммен әңгімелескеннен кейін пайда болды десем болады. Екеуміз ғаламтордан балалар үйіндегі балалар туралы бейнеролик қарап отырғанымызда, ұлым маған: «Анашым бұл балаларға Жаңа жылдық сыйлықтарды кім береді?» деген тосыннан сұрақ қойды. Басында не деп жауап беретінімді білмедім. Осы сұраққа көп ойландым. Менің мақсатым біреуді кемсітіп, аяныш тудыру емес еді. Тек әрбір балаға қуаныш сыйлағым келді. Сондықтан, осындай маңызды іс-шараны қолыма алдым,- дейді Галина.
Жүрегі кең Галинаға тұрғындар да, сонымен қатар, кәсіпкерлерде өз қолдауларын білдірген.
- Аталмыш іс-шарада мен жалғыз қалған жоқпын. Әрине, әрбір адамнан қолдау күттім, жанымда, тіпті, бір адам болсада мен үшін үлкен қолдау болып көрінетін. Қуанышыма орай, барлық тұрғындар мен кәсіпкерлер мені қолдап кетті. Нақтырақ айта кететін болсам, «Мусса» дүкенінің сатушысы Анастасия Прескурел Жаңа жылдық сыйлықтарды жинауға үлкен көмектесті. Сонымен қатар, «Мусса», «Флора», «Арзу» (Асенкритов ауылдық округі) дүкендерінде сыйлықтар қабылданып отырды. Жалпы балаларға арналған 429 сыйлық жиналды. Жаңа жыл қарсаңында көпбалалы отбасынан шыққан балаларға табысталды. Балалардың қуанышын көріп, көзіме жас келгені рас. Өзімде ұл тәрбиелеп отырған анамын, әрбір баланың нұрға толған жанары маған бақыт сыйлайды,- дейді мейірімді жан.
Ауданымызда Галина сынды жандардың барына біз мақтанамыз. Себебі, осындай үлкен істі өз қолына алып, балаларға нағыз Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлаған жомарт жанның бірі.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане