Жігіттеріміз медициналық тексерістен өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_6_6-2021_1.jpgӘскерге қабылдау қатаң талап бойынша жүргізіледі. Алдымен ауданнан медициналық тексеріс пен әртүрлі психологиялық тесттен өтуі тиіс.


«Заман талабына қарай адам да бейімделеді, қазір әскери билетсіз жұмысқа тұру қиын. Күзетші болу үшін де әскери билет талап етеді. Сондықтан 1990-шы жылдарға қарағанда қазір жастар белсенді. Мерзімді әскери қызмет міндетін өтеп, ары қарай келісімшарт арқылы қалғысы келетіндер, өмірін әскери қызметпен байланыстыратын сарбаздардың қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді»,- дейді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Жәдігер Негмеджанов.
Күніне медициналық тексерістен өту үшін 45-тен астам жігіттер келіп жатыр. Ал, жалпы әскерге шақырылған, өз еркімен барып өз борыштарын өтегісі келетін жас сарбаздар биылғы жылы 140-тан астам. Басты медициналық комиссия құрамында комиссия төрайымы Назгүл Асқарқызы Манасова, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Жәдігер Негмеджанов, аудандық полиция бөлімінің өкілі Евгений Кригер болды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане