«ENBEGI JANGAN ARYLAR» марапатталды

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_8_8-2021_2.jpg10 ақпанда Қостанай қаласында «ENBEGI JANGAN ARYLAR» кәсіби бойынша үздіктерді анықтайтын Республикалық байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.


Аталған байқау Қазақстан Республикасының іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырды және қоғамдастықтың 25-жылдық мерейтойына арналды. Байқау әр түрлі салаларда жұмыс істейтін әйелдердің кәсіби жетістіктерін насихаттауға және олардың мәртебесін арттыруға бағытталған.
Ауданымыздың мақтан тұтар табысты әйелдерінің бірі Гүлнұр Ералиева бақсынасып, өзінің еңбегінің нәтижесін көрсетті. Байқау нәтижелері бойынша Гүлнұр ханым «Кітапхана ісі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Оған салтанатты жағдайда Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Бергембаевна Серсембаеваның естелік гравитоны табысталды.
- Кітапхана ісі саласында Гүлнұр Владимировна 8 жыл еңбек етіп келеді. Гүлнұр жұмыс барысында өзін білікті, адал, тәртіпті, бастамашыл қызметкер ретінде көрсете білді. Ол кісінің өзінің лауазымдық, сонымен қатар, қоғамдық міндеттерін де жауапкершілікпен атқарады. Гүлнұр ханымның негізгі қасиеттері бұл кәсіби шеберлік, біліктілік, мақсатқа жетудегі табандылық, тапсырылған жұмыс үшін жауапкершілігі болып табылады деп толыққанды айта аламын. Ол өзінің еңбекқорлығы мен шығармашылығын кәсіби салада өзін-өзі табысты жүзеге асыру үшін шебер қолданады, оның тиімділігі әр түрлі деңгейдегі (қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық) жарыстардағы көптеген жүлделермен расталады,- дейді аудандық орталық кітапхана жүйесінің директоры Гаухар Асанова.
Адамдардың резурстық қоры таусылмайды дейді. Бұл бәрінен бұрын оқытушыларға қатысты айтылған. Ең үлкен биікке жеткеннен кейін де – тоқтамау, қандай болса да алға ұмтылу, өйткені алда әлі көп жұмыс бар!


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане