- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 16.06.2021 15:51
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 588
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасының аясында еріктілер акция мен қайырымдылық іс-шара ұйымдастыруда.
Күн сайын бүкіл ел бойынша белсенді азаматтар мұқтаж адамдарға көмектесіп, айналасындағыларға жағымды эмоциялар сыйлауда. Солардың бірі - Саттар Мамедов. Ауданымыздағы тұрғындарға танымал жан, бүгінде өзінің жақсылығын басқа жандарға жасауда. Өткен аптаның соңын жақсы іспен аяқтаған Саттар Мамедов ауданымыздың 5 отбасына өз көмегін көрсетті. Атап айтсақ, азық-түлік пакеттері мен ұн берді.
- Мен үшін адамдардың алғысынан артық ештеңе жоқ. Мен барлық көмегімді өзімді көрсетіп не болмаса менің атым ақпараттық құралдар бетінде көрінсін деген ниетпен жасап жатқан жоқпын. Мен үшін балалардан асқан байлық жоқ. Сол себепті, мен өз көмегімді көрсетуден жалықпаймын. Қолымнан келген көмекті көрсетуге дайынмын. Мұсылман бауырлар «жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған»,- дейді Саттар Мамедов.
Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы осы жылдың ақпан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында басталған болатын.